Факультет жаңалықтары

2019 жылдың 29 сәуірінде Жаратылыстану-ғылыми педагогикалық жоғары мектебі «Кәсіптік оқыту» кафедрасының ұйымдастыруымен G-Global платформасында «Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамыту тенденциялары» тақырыбында бейне конференция өтті.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қалалық білім басқармасы, Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 лицейі бірлесе жаратылыстану-математикалық пәндер (математика, физика, биология) бойынша қалалық олимпиада өткізу туралы мемарандум жасалған. Сол мемарандум негізінде биыл екінші рет Шымкент қаласының орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, биология пәндері бойынша қалалық олимпиада өткізілді.

2019 жылдың сәуір айының 12-13 жұлдызында "Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры" Қоғамдық қоры мен "Тұран" университеті бірлесіп "Қазіргі заманғы ғылым: жаңа көзқарас" атты мектеп оқушыларына, студенттерге және жас ғалымдарға арналған V Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшынның м.а. Н. Танирбергеновтың 01.04.2019 №04-117 хатына сәйкес, университеттің қоғамдық сананы жаңғыртудың жобалық кеңсесінің кестесіне сай 2019 жылдың 12 сәуірде ҚР Тұғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланған күніне екі жыл толуына орай «Жаратылыстану ғылыми педагогикалық» жоғары мектебінде лекциялар оқылды.
11-12 сәуір жоғары оқу орындары арасында XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қатысқан «Химия», «Физика», «Кәсіптік оқыту» кафедраларының студенттері жүлделі орындарға ие болды.

12.03.2019 жылы университетіміздің конференц залында «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебі мен «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен әлемге танымал Қазақстандық математик-алгебраист, ф.-м.ғ.д., профессор Уәлібай Утмаханбетұлы Өмірбаевпен кездесу өтті. Кездесуге университет студенттері, магистранттар мен жас ғалымдар қатысты.

2019 жылдың 22 ақпанында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жас ғалым-2019» атты VІI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебінің «Математика» кафедрасының магистранттары Мырзабеков Тельжан, Мажитов Бексапар, ЕП-17-1к2 тобының студенті Сеңгірбай Данияр қатысты.

"Химия" кафедрасының доценті, т.ғ.к. Құрбанбеков Кәрім Темірұлын "2018 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын алуымен құттықтаймыз. Отбасына бақыт, деніне саулық және жұмысына шығармашылық табыс тілейміз.
Жоғары мектептің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері спортта үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Факультетаралық “Денсаулық” спартакиадасында жоғары мектеп профессор-оқытушылар құрамы 2016-2017, 2017-2018 оқу жылдарында командалық 1-орын иеленді, биылғы 2018-2019 оқу жылында “Рухани жаңғыру” аясында өткізілген спартакиадада командалық 2-орын иеленді.
15.11.2018 жылы Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық жоғары мектебі, «Химия» кафедрасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 75-жылдық мерейтойына орай ЕП-18-4к тобының студенттері мен топ тәлімгері Әлібекова Мөлдір Амалбайқызының ұйымдастыруымен «Шоқтығы биік жазушы» тақырыбында ашық тәлімгер сағаты өтті.
Беттер
Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by
WeebPal.