Сапалы білім беруді дамытудың негізгі ұстанымдары

 

 

Сапалы білім беруді дамытудың негізгі ұстанымдары

 

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік-біздің ең қастерлі құндылығымыз»-деген сөзімен бастап, «Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз»-деді.

Жолдауда мемлекет басшысы еліміздің пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық дамуыға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру мәселесіне, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау бағытындағы атқарылған ауқымды іс-шараларға баға беріп, үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.

Солардың қатарында еліміздің өсіп-өркендеуінде  ерекше роль атқаратын бағыттардың бірі бүгінгі жастарымызға сапалы білім берудің маңыздылығына айрықша көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы нақтылап көрсеткен білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттардың төмендегідей маңызды ұстанымдарды басшылыққа алуды тапсырды.

  1. Бірінші кезек күттірмейтін мәселе оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу.
  2. Қашықтықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту.
  3. Білім беру жүйесін қолжетімді әрі инклюзивті ету.
  4. Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету және оларға конкурстан тыс гранттар беруді қолға алу.
  5. Мұғалімдерге материалдық қолдау көрсетушараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтыру.
  6. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мерзімін 5 жылда емес 3 жылда бір рет қайта даярлауды қолға алу.
  7. 2025 жылға дейін жаңадан салынған мектептер санын бір мыңға дейін жеткізуді міндеттеу.
  8. Толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көше бастау.
  9. Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу және саналы түрде кәсіпті таңдай білуге баулу.
  10. «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру.
  11. Жоғары оқу орындарының мамандарды сапалы даярлауына жауапкершілігін арттыру.
  12. Жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу.

 

Мемлекет басшысының білім беру саласын дамытуға бағытталған салихалы саясаты білім беру саласының қызметкерлері үшін негізгі стратегиялық ұстанымдар деп қабылдауымыз қажет.

 

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің профессоры                              Камалов Ю.Н.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.