Нысанов Ерназар Айдарұлының ф.-м.ғ.д., профессор, ХАА академигі 70 жылдық мерейтойына арналған «Математикалық модельдеу және жаратылыстану ғылымдары» оқырмандар конференция

Нысанов Ерназар Айдарұлының ф.-м.ғ.д., профессор, ХАА академигі

 

    15 желтоқсан 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. 1973ж.     В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша  бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1985ж.), математика доценті (1995ж.), физика – математика ғылымдарының докторы (2010ж.),  «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған (2017ж.), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2019ж.). 
 
Ф-м.ғ.д., профессор Нысанов Ерназар Айдарұлы
өзінің қызмет өтілін білім және ғылым саласына арнап келеді
 *Өзбекстан ғылым академиясының  «Кибернетика» ғылыми – зерттеу институтында инженер – программалаушы, аға инженер – программалаушы, ғылыми қызметкер 1973-1987ж.ж.,
* Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы 1987-1992ж.ж..
*Қазақ химия – технологиялық институтында доцент міндетін атқарушы, доцент 1992 – 1998 ж.ж.,
*М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Информатика» кафедрасында  1998 жылдан доцент, ал 2011 жылдан бастап профессор қызметтерін атқарып келеді.
     Негізгі ғылыми бағыты – оңтүстік өңірі үшін өзекті мәселелер: суаруға арналған суды бөлудің жаңа ақпараттық технологияларын қолдану арқылы математикалық сипаттау және есептеу, олардың жер асты суларына әсері мен ылғалдың таралуы. «Жер қойнауын суару» әдісінің авторларының бірі. Қазіргі уақытта бұл әдіс бүкіл әлемде мойындалған.
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Физика, математика, механика және информатиканың іргелі мәселелері» бағыты бойынша республикалық ғылыми гранттарының иегері (2006-2008, 2009-2011, 2012-2014, 2013-2015 ж.ж., 2015 - 2017). 100-ден астам ғылыми мақалалардың, 8 оқулықтың, 1 монографияның, 2 авторлық куәліктің, 30-дан астам әдістемелік нұсқаулардың авторы.
Өзінің білімімен және ғылым саласындағы жетістіктерімен шәкірттерді дайындап келеді. Оның жетекшілігімен 30-дан астам магистранттар «Қолданбалы математика», «Информатика» мамандықтары бойынша магистрлық диссертация қорғады. Қазіргі уақытта «Информатика» мамандығы бойынша 7 магистрант пен 2 докторанттың ғылыми кеңесшісі.
     Ғалым ретіндегі таланты мен ғылыми еңбектерінің танылғанын Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі болуы және белгілі халықаралық ғылыми журналдардың бірқатар редакциялық алқаларының мүшесі болып сайлануы да дәлелдейді.
     Сонымен қатар Ерназар Айдарұлы,  бүгінде өзіндік орны бар «Информатика» кафедрасының негізін салушылардың бірі. Кафедрамыздың тарихы ф-м.ғ.д., профессор Е.Нысановтың белсенді ерен еңбегімен ұштасады.
 
Ф-м.ғ.д., профессор Нысанов Ерназар Айдарұлына арнау
 
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
70 жастың құтты болсын белесі.
 
Балаларың басыңдағы бағыңыз,
Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз.
Өзіңізді мәпелеген, баптаған,
Аман болсын анамыздай жарыңыз.
 
Осы өңірде кең керілген керегеңіз,
Еңбекпенен еселенген берекеңіз.
Бұл күнде әріптестер айбынысыз,
Аман-сау жүзге жетсін жасыңыз!
 
 
 
 
Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.