«Ғылыми жоба – ғылымға апарар жол»

       

     16.11.2021ж. күні М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Биология және география » кафедрасы  және  №24 Саттар Ерубаев атындағы ІТ-лицей-мектебі бірлесе отырып  «Ғылыми жоба – ғылымға апараржол» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге «Биология және география » кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к., доцент Исаев Е.Б., б.ғ.к., доцент Бозшатаева Г.Т., №24 Саттар Ерубаев атындағы ІТ-лицей-мектебінің директоры Нысанбаева Ж.Т., биология және химия пәндерінің мұғалімдері, ғылыми жобаларды орындап жүрген 8-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында оқушылардың ғылыми жобалары бойынша баяндамалары тыңдалды, жоба жұмысына қойылатын талаптарға сай оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау мен     рәсімдеу бойынша Исаев Е.Б. оқушылар мен жетекшілерге кеңестер берді.

     Дөңгелек үстелде сонымен қатар оқушылардың кәсіби бейінін анықтау және болашақ мамандығын дұрыс таңдауға қатысты сұрақ-жауаптүрінде кеңестер берілді.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.