«Ашық есік» күні

Сәуір айының 26-жұлдызында сағат 14:00-де Жаратылыстану-педагогикалық факультетінде Шымкент қаласының мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Ашық есік» күні іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға Облыстық үш тілде оқытылатын мамандандырылған №1 дарын мектеп-интернаты, үш тілде оқытылатын мамандандырылған №2 дарын мектебі, №41 мектеп, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп, №37 мектеп, №87 мектеп, №15 мектеп, №85 мектеп, А.Асқаров атындағы №77 мектеп, №3 және №5 кәсіптік лицей бітіруші түлектері мен сынып жетекшілері қатысты.

Кездесуде факультет деканы, п.ғ.к., доцент Н.К.Мадияров, «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Ю.Н.Камалов, Кешкі және қашықтықтан оқыту факультетінің өкілі, ф.-м.ғ.к. С.Қ.Досыбеков сөз сөйлеп, мектеп оқушыларының көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.