Факультет жаңалықтары

«СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КӨРМЕСІ»

2018 жыл 19-қазанда М. Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 7-ші ғимаратында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында   Жаратылыстану педагогикалық жоғарғы мектебі «Кәсіптік оқыту» кафедрасының ЕП-15-10к1 студенттері шығармашылық жұмыстар көрмесін өткізді.

Құттықтаймыз!

 «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы (Астана каласы) ұйымдастырған «Заманауи ғылым» атты ІІІ Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында Жаратылыстану ғылыми педагогикалық жоғары мектебі Биология кафедрасының 2 курс студенттері Куатов А.У., Мұхтар А.Ә., Бексеит У.Н.  «Көкөністерден дайындалатын ұлттық тағамдармен тиімді тамақтануды ұйымдастыру биологиялық құндылық» атты, 2 курс студенттері Ахмеджанова Н.А.,  Мардиева Г.Б.,  Сапкалова Е.Н.  «Биологическая характеристика видов Salvia officinalis L. природной флоры Туркестанской области» атты жұмыстары үшін II жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. 

Университеттің 75-жылдығына арналған факультетаралық XII спартакиада

08.10.18ж-12.10.18ж аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Денсаулық» бағдарламасы бойынша Университеттің 75-жылдығына арналған 1-курс студенттер арасында факультетаралық 2018-2019 оқу  жылындағы XII спартакиадасы өтті. 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шара

2018 жылдың 5 қазанында №7 оқу ғимаратының акт залында «Отбасы және Ұстаздар күніне» және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 75 жылдығына  арналған мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке университеттің ғылыми кеңесінің хатшысы, әрі Әйелдер кеңесінің төрайымы Сатаева Лаззат Муталқызы мен Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің бас маманы Мамыт Әлия Аралбайқызы, ардагер ұстаздар мен жоғары мектептің оқытушы-профессорлары қатысты. 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебінің «Физика» кафедрасының ардагер ұстаздары доцент, х.ғ.к. Кабылбеков Кенжехан Арыстанбекұлы мен  аға оқытушысы Серкебаев Салдарбек Көлібайұлы Университетіміздің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Ұстаздар күні мерекесіне орай «Елеулі еңбегі үшін» «Ел ардақтысы» медалімен марапатталды.

Құттықтаймыз!

         Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында «5В010900-Математика» мамандығының студенті Мырзабеков Телжан Мырзабекұлы ф.-м.ғ.д., профессор Н.Қ.Аширбаевтың жетекшілігімен орындаған ғылыми жұмысы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Құттықтаймыз!!!

       

                                                                     Құттықтаймыз!!!
      Аккредиттау және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) өткізген ұлттық рейтингте Қазақстан Республикасы ЖОО-лары профессор-оқытушылар құрамының бас рейтінгісіне...
 

Олимпиада

      2018 жылдың қаңтардың 25 жұлдызы күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің  А-ғимаратында  9, 10, 11 сыныптар арасында химиядан Д.И. Менделеев атындағы 1-Облыстық олимпиада өткізілді. Бұл іс-шараның ашылу салтанатында университеттің  т.ғ.д.,профессор Д. Сабырханов сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі. Олимпиаданы ұйымдастырушылар «Химиялық технология және инженерия»  Жоғары мектебі мен  «Химия» кафедрасы.

"ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы"

      «Физика» кафедрасының меңгерушісі ф-м.ғ.к., доцент Сайдуллаева Нурила Сайдуллақызын ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы атағы берілуімен құттықтаймыз. Нурила Сайдуллақызына зор денсаулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз...

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы-Жаратылыстану ғылымдары мен педагогикасының жетістіктері және болашағы»

      6-7 желтоқсан кундері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы-Жаратылыстану ғылымдары мен педагогикасының жетістіктері және болашағы» атты студенттік ғылыми конференция өтті.  Конференция нәтижесі бойынша 54 студент баяндама жасаған...

Беттер

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.