Жоғары оқу орындары арасында өткізілген XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

11-12 сәуір Қарағанды қаласындағы Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ өткізген 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары арасында өткізілген XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына қатысқан «Химия» кафедрасының студенттері Шадиева Гаухар (ЕП-17-4к), Низамова Диана (ЕП-17-4к), Шерхан Улбала (ЕП-16-4к) командалық есепте III орын жеңімпазы атанды, жетекшісі Урмашев Бағдаулет Амантаевич.

    

 

Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына «Физика» кафедрасының студенттері Найманбай Ұлболсын, Баходиров Бекжан  қатысып, III орынды иеленді. Жетекшісі Абдраимов Рахымжан Турысбекович.

      

Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен 5В012000-«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары арасында өткізілген XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадада «Кәсіптік оқыту» кафедрасының студенттері Мақсут Гаухар, Шахаева Айдана, Ахмадалиева Окила, Мамыр Маржан жалпы командалық сайыста II дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Жолдасбекова Сәуле Абдразаковна.

       

Жоғары мектебіміздің студенттері мен оқытушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.