"Тілдарын"

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
       Облыстық тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Тілдарын» 20-қараша күні облыстық байқауын өткізді. Шараға жоғары оқу орындарында оқитын, үш тілді меңгерген дарынды жастар қатысты. Жеңімпаз 85 мың теңгенің қаржылай сыйақысына ие болып, республикалық олимпиадаға жолдама алды. «Тілдарынның» негізгі мақсаты – Елбасымыздың сындарлы саясатының бір бөлігі болып табылатын үштілділікті дамыту. Байқау нәтижесінде 1-орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебінің 2-курс студенті  Олжас Құрақбай иеленді.
                   
                                             
Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.