Талапкерге

Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің әлеуметтік сайттар арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ақпараты 
  Талапкер 2017 буклет   

1. Факультеттің аты (толық аты, қысқартылған аты)
Жаратылыстану-педагогикалық факультеті, ЖПФ
    
2. Факультет туралы қысқа ақпарат.
        Жаратылыстану-педагогикалық факультеті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамындағы педагог кадрларды даярлайтын алдыңғы қатарлы факультеттердің бірі.
        1996 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты, Шымкент педагогикалық мәдениет институты және М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының бірнеше педагогикалық мамандықтарының бірігуінің нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті ашылды. Осы жылы жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлар даярлайтын мамандықтар топтастырылып Жаратылыстану-педагогикалық факультеті құрылды. 
        1998 жылдың наурызында Оңтүстік Қазақстанның екі жоғарғы оқу орнын – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті мен Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін қайта құру және біріктіру жолымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылғаннан кейінде факультет «Жаратылыстану-педагогикалық» деп аталып, ғылыми-жаратылыстану бағытындағы мамандықтарымен толықтырылды.
        Факультетті 1996-2000 жылдар аралығында п.ғ.к., доцент Пошаев Д.Қ. басқарды. Кейінгі жылдары п.ғ.к., доцент Камалов Ю.Н., т.ғ.к. Жармағанбетов Ф.К., п.ғ.д., доцент Әжібеков Қ.Ж., х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П., б.ғ.к., доцент Ережепов Ә.Е., ф.-м.ғ.к., доцент Оразов И.О., х.ғ.д., профессор Надиров К.С. факультет деканы болып қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап қазіргі таңда факультетті п.ғ.к., доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы басқаруда.
        Осы жылдарда факультет 5000-ға жуық педагог кадрлар даярлап шығарды. Олардың ішінен қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен елге белгілі азаматтар шыққанын мақтанышпен айтуға болады.
        Факультетте әр жылдары Қазақстанға белгілі ғалымдар Медеуов Е.Ө. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, Ташимов Л.Т. – Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ президенті, Өтелбаев Б.Т. – х.ғ.д., профессор, Р.Ойнаров – ф.-м.ғ.д., профессор, Жұмабеков Л. – профессор, ф.-м.ғ.д., профессор С.А.Атанбаев, Өмірбаев У.У.– алгебра және логика саласындағы ірі ғалым, ф.-м.ғ.д., профессор, Садыбеков М.А.–ф.-м.ғ.д., профессор және т.с.с. еңбек етті.
        Факультетте қазіргі таңда ғылыми-педагогикалық қызметпен 91 профессор-оқытушылар құрамы айналысады, олардың 8-і ғылым докторы, профессорлар, 39-ы ғылым кандидаттары, доценттер. Қазіргі кезде факультетте педагогика ғылымдары академиясының академигі п.ғ.д., профессор Д.Рахымбек, Жаратылыстану ғылымдарының академигі п.ғ.д., профессор С.А.Жолдасбекова, Жаратылыстану ғылымдарының академигі п.ғ.д., профессор А.Саипов, ф.-м.ғ.д., доцент Е.А.Нысанов, ф.-м.ғ.д., доцент Н.Қ.Аширбаев, х.ғ.д., профессор А.П.Ауешов, ф.-м.ғ.д., доцент Тұрманбеков Т.А., х.ғ.д., доцент А.Б.Өтелбаева белгілі ғалымдар еңбек етуде.
        Факультеттің ғылым докторлары мен профессорлары Д.Рахымбек, С.А.Жолдасбекова, Н.Қ.Аширбаев, А.Саипов, А.П.Ауешов, ғылым кандидаттары мен доценттері К.А.Қабылбеков, А.А.Юнусов, Р.Б.Бекмолдаева, М.Н.Ермаханов, Ю.Н.Камалов, И.Оразов, Г.М.Адырбекова, Н.К.Мадияров, Г.Ш.Омашова ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайтын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» конкурсының жеңімпаздары атанды.

        

        

      

        Қазіргі таңда факультетте «Математиканы оқытудың теориясы мен әдiстемесi», «Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі», «Информатиканы оқытудың теориясы мен әдiстемесi», «Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі», «Кәсiпке баулудың теориясы мен әдiстемесi» кафедраларында 7 мамандық бойынша бакалавр және магистр, 3 мамандық бойынша PhD докторантура мамандары даярланады.
        Факультет базасында университет ғалымдары, мектеп мұғалімдері мен әдіскерлердің бірлескен «ОҚО математика мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы»  жұмыс жүргізеді.
        Қауымдастықтың мақсаты: математиканы мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында, кәсіптік лицейлерде оқытудың теориялық және практикалық мәселелеріне, оқытудың сапасын жоғарылату мәселесіне қоғамдық пікір беру, қоғамдық сараптама жасау. 
        2011 жылдан бастап «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының базасында мектеп математикасын оқытудың өзекті мәселелеріне арналған «Математика дидактикасы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы (ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің куәлігі №12165, 27.12.2011ж.) шығарылып келеді.
        Жаратылыстану-педагогикалық факультеті 2009-2010, 2013-2014 және 2016-2017 оқу жылдары «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың үздік факультеті» номинациясының иегері атанды.
        2014 жылдың қорытындысы бойынша «Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Өтелбаева А.Б. Қазақстан Республикасының жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері атанды.
        Жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі сіңірген еңбектері үшін факультет оқытушылары Ю.Н.Камалов, Н.К.Мадияров Ы.Алтынсарин медалімен марапатталған.

  

Мақтанарлық түлектер  

1.

Боранкулов Бақытжан

Германияда магистратура оқып жатыр

2.

Аманжол Назира

Кытайда магистратура оқып жатыр

3

Еспенбетова Дана

АҚШ-та магистратура оқып жатыр

4.

Бекзатова Мөлдір

2016ж. Шымкент қаласы бойынша «Үздік оқытушы» №87 мектеп оқытушысы

5.

Қаратаев Ғалымжан

Гумилов атындағы Евразия Ұлттық университетінің докторанты

6.

Есімбет Камила

Назарбаев университетінде магистратурада оқып жатыр

        «Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры Г.М.Адырбекова 2016 жылдың 23-30 қараша аралығында Дальян шет тілдері университетіне (ҚХР) біліктілігін жоғарылату мен ғылыми тағылымдамадан өтуге шақырылды. Профессор университеттің оқу үдерісін ұйымдастырумен танысты, орыс және қытай тілдері институттарының оқу сабақтарына қатысып, Қазақстанды зерттеу орталығында орыс тілін оқитын студенттер мен магистранттар үшін дәріс оқыды.
    
3. Факультет мамандықтары (тізім, екі бейіндік пәндері, ұлттық рейтингідегі орны).

Мамандық шифры, атауы

Бейіндік пәндері

Ұлттық рейтингідегі орны

1

5В010900-Математика

Математика, физика

1

2

5В011000-Физика

Математика, физика

1

3

5В060400-Физика

Математика, физика

2

4

5В011100-Информатика

Математика, физика

1

5

5В060200-Информатика

Математика, физика

3

6

5В011200-Химия

Биология, химия

-

7

5В012000-Кәсіптік оқыту

Математика, физика

2

4. Факультеттің кафедралары (толық аты, қай кафедрада қандай мамандықтар дайындалады, ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар құрамының үлесі (%)).

Кафедраның толық аты

Бакалавриат

Магистратура

PhD докторантура

Ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар құрамының үлесі (%)

1

Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

5В010900-Математика

6M010900-Математика

6D010900-Математика

47%

2

Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

5В011000-Физика

6M011000-Физика

 

47%

5В060400-Физика

6M060400-Физика

 

3

Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

5В011100-Информатика

6M011100-Информатика

6D011100-Информатика

50%

5В060200-Информатика

6M060200-Информатика

 

4

Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі

5В011200-Химия

6M011200-Химия

 

57%

5

Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі

5В012000-Кәсіптік оқыту

6M012000-Кәсіптік оқыту

6D012000-Кәсіптік оқыту

41%

        
5. Факультеттің зертханалары. Факультет университеттің №7 оқу ғимаратында орналасқан. Оқу аудиторияларының жалпы саны – 43, оның 9-ы зертханалық аудиториялар, 6-ы компьютерлік сыныптар, 7-і шеберханалар, 1-і студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі, 3-і әдістемелік кабинеттер.
    
    
    
                    
        6. Факультеттің жатақханасы. Университетте студенттердің тұрмыстық жағдайларына ерекше көңіл бөлінген. Өміріздің бал шағы – студенттік өмір болса, студенттік өмірдің қызығы – жатақхана.  Өз замандастарының арасында, алға қойған арманына құлшынып қол созған сәттердің барлығы, студенттік жатақханадан басталады. Арманы бір, мақсаты бір, ізгі достарыңмен бір үйдің баласындай, қуанышты да, қайғыны да бір адамдай бөлісетін қимас достықтың куәсі – осы жатақхана. 558  орынға арналған  бесінші жатақханада әр бөлме 2 адамға арналған. Әр бөлменің жеке жуынатын орындары қарастырылған. Мұнда тұрмысқа, оқуға және демалуға қажеттінің барлығы бар. Әр қабаттың жекелеген оқу залдары мен компьютер класы, тамақ жасайтын асханасы жабдықталған. Бірінші қабатта кір жуатын бөлме, тренажер залы және студенттерге арналған асхана бар. №5 жатақхананың мекен-жайы: М.Х.Дулати көшесі
  
  
  
                
        7. Студенттер өмірінен ақпарат. Факультет студенттерінің сабақтан бос уақытында ғылыммен, спортпен айналысуға және өнерлерін шыңдауға барлық мүмкіндіктер жасалған. Ғылыммен және шығармашылық жұмыстармен айналысатын студенттер үшін, факультет кафедраларында 11 студенттік үйірмелер жұмыс істейді. Олар: «Жас математик», «Квант», «Химик», «Конструктор-модельер», «Моншақ тас», «Ғажайып кесте», «Іскер», «Шебер қолдар», «Темірші», «Бағдарламашылар», «Жас информатик».  
        Өз өнерлерін шыңдауға ниетті студенттер университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінде ұйымдастырылған би, КТК, аспапта орындаушылық, ән салу және т.с.с. үйірмелерге қатыса алады. Сонымен қатар, спорттың көптеген түрлерінен үйірмелер бар.
    
    
    
    
  
  
  
Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.