«СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КӨРМЕСІ»

2018 жыл 19-қазанда М. Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 7-ші ғимаратында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында   Жаратылыстану педагогикалық жоғарғы мектебі «Кәсіптік оқыту» кафедрасының ЕП-15-10к1 студенттері шығармашылық жұмыстар көрмесін өткізді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Көрменің өткізілу мақсаты ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі жаңғыртып қалдыру. Біздің мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руын жастарға, болашақ оқытушы мамандарға «Студенттердің шығармашылық жұмыстар көрмесін» өткізу арқылы дәріптелді.

Кереметтей көрме көрсетілімін ұсынған студенттер 4 жылда өз бойларына сіңірген білімдері мен шеберліктері, яғни, ұлттық киім үлгілері мен заманауи киімдер тігу, гобелен тоқу, құраұ құрау, жүннен киім дайындау, сәндік қолөнер бұйымдарын бастырмалап, моншақтап  және кестелеп тігу,  тамақ әзірлеу өнерлерін ұсынды. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра» демекші, қазақтың қара домбырасының үні мен қазақ халық әндері орындалып, таңдай қақтырды. Топ студенттерінің әрбірінің таланты түрлі жеңістерге жеткізуде. Атап өтсек Мақсұт Гауһар Start up жобасы арқылы өз жеке кәсібін дамытуда. Яғни Г. Мақсұт топ студенттерімен бірлесе отырып қыздарға арналған түрлі сыйлықтық қолөнер бұйымдарын ұсынуда. Сонымен қатар,  Елбасының үш тілділікті қолдауы мен Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Мамыр Маржан, Ізбасарова Меруерт, Баймурза Арайлым  шет елде білімдерін шыңдап келді.

                Жалынды жастардың таудай талаптарымен өнерлері өрге жүзсін! Жарайсыңдар ЕП-15-10к1 топ студенттері!!!

           

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.