№2 Балалар үйінде “Бір үйдің баласындай” атты концерттік қайырымдылық іс-шарасы өткізілді

2019 жылдың 13 қазанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің  математика кафедрасының оқытушылары мен магистранттар және белсенді студенттерінің қатысуымен “Бір үйдің баласындай” атты концерттік бағдарламамызбен Түркістан облысы Төле би ауданына қарасты №2 Балалар үйінде қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.Жанарларын жәутеңдетіп, кім маған жылы сөйлер екен деп әркімге жалпақтатып, тірідей тастап кеткен ата-аналарын күтумен әуре! Осындай жағдайды байқаған студенттеріміз барынша балалардың көңілдерін көтеріп, сыйлықтар табыстап қайтты. Өмірдің осындай аяусыз тұстарын көргенде, пенделерге мейірімділік пен қайырымдылықты бойларына сіңіре гөр деп еріксіз дұға етесің. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге арнайы концерттік бағдарлама дайындалып, әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды.

  

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.