Н. Э. Бауман атындағы ММТУ профессоры ф.-м. ғ. д., Винтайкин Б. Е. М. Ауезов атындағы ОҚМУ-да 17.10.2019-16.11.2019 уақыт аралығында «Избранные главы атомной и ядерной физики» және «Физика прочности и сплавы» пәндері бойынша курстар оқыды.

Н. Э. Бауман атындағы  ММТУ профессоры ф.-м. ғ. д., Винтайкин Б. Е. М. Ауезов атындағы ОҚМУ-да 17.10.2019-16.11.2019 уақыт аралығында «Избранные главы атомной и ядерной физики» және «Физика прочности и сплавы» пәндері бойынша курстар оқыды. Сондай-ақ, ол физика кафедрасының магистранттары мен ПОҚ үшін тәжірибелік мәліметтерді өңдеу әдістемесі бойынша «Современные методы обработки экспериментальных данных» тақырыбында кеңестер беріп, шеберлік-сыныптарын өткізді.

Винтайкин Б. Е. ICITE-2019 Халықаралық конференциясында пленарлық баяндама жасады. (X-RAY AND MICROSCOPIC STUDIES OF FORMATION OF SURFACE PHASES IN ALLOYS ON THE BASIS OF FE, NI, TI).

Винтайкин Б. Е. ICITE-2019 Халықаралық конференциясының № 3 секциясының модераторы болып жұмыс істеді, ICITE-2019 Халықаралық конференциясының 2 дөңгелек үстеліне қатысты.

Винтайкин Б. Е. ОҚМУ-дың Физика кафедрасының ПОҚ-мен бірігіп ICITE-2019 Халықаралық конференциясында баяндама жасады. (Laboratory work of applied orientation for fhysical practical work in universities, adapted for school course of electrodynamics. Abdraimov R.T., Vintaikin B E, Dementjeva O.Yu., Saidakhmetov P.A., Yuldasheva U.M.)

Б. Е. Винтайкин докторант Р. Т. Абдраимовпен "Наука и жизнь Казахстана" журналына мақала жариялады (2019 жылдың қарашасында шыққан): Р. Т. Абдраимов, Б. Е. Винтайкин, М. А. Нуруллаев, П. А. Саидахметов. «Цикл лабораторных работ по теме переменный ток с компьютерной записью и обработкой данных».

Винтайкин Б. Е. ОҚМУ-нің «Физика» кафедрасының   оқытушысы Р. Т. Абдраимовтың PhD диссертациясына кеңесші ретінде жұмыс істеді. Студенттер мен мектеп оқушыларына арналған практикалық бағыттағы жаңа зертханалық жұмыстарды жасау туралы PhD докторлық диссертациясының тақырыбы бағытында оқытушы Р.Т. Абдраимовпен бірігіп 2 мақала жазды.

Винтайкин Б. Е. ОҚМУ-нің «Физика» кафедрасының магистранты А. А. Қамбарбекованың «Решение задач при затухании колебаний в образцах демпфирующих сплавов» тақырыбындағы магистрлік жұмысының кеңесшісі. Осы тақырыпқа байланысты магистрантпен бірігіп 2 мақала жазды.

Винтайкин Б. Е. өзінің " Физика твердого тела " электрондық оқулығын мобильді қосымша ретінде енгізді.

Винтайкин Б. Е. мектепте 19.10.19ж. күні 10-11 сынып оқушыларымен сабақ өткізді, 6D011000 мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін екі диссертацияны (докторанттар жетекшісі – ф.м.ғ. д. Т. А. Турмамбеков) алдын ала қорғау және талқылауға қатысты.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.