М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 75-жылдық мерейтойына арналған «Әлемге әйгілі қаламгер» ашық тәлімгер сағаты

31.10.2018 жылы Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық жоғары мектебі, «Химия» кафедрасында  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 75-жылдық мерейтойына орай ЕП-18-16к1 тобының студенттері мен топ тәлімгері Омарова Н.А. ұйымдастыруымен «Әлемге әйгілі қаламгер» тақырыбында  ашық тәлімгер сағаты өтті.

Ашық тәлімгер сағатына кафедра меңгерушісі М.Н.Ермаханов және  Жоғары мектебіміздің аға тәлімгері Э.Т.Қуандықова, сонымен қатар кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Ашық тәлімгер сағатында университетіміздің тарихына және   М.Әуезовтың шығармаларына тоқталып, ән шашу мен көріністер, видеороликтер  көрсетілді.  Ашық сабақты аға тәлімгер Э.Т. Қуандықова қорытындылай келе профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді мерейтойымен құттықтап, сәттілік тіледі!

   

 

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.