М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шара

2018 жылдың 5 қазанында №7 оқу ғимаратының акт залында «Отбасы және Ұстаздар күніне» және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 75 жылдығына  арналған мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке университеттің ғылыми кеңесінің хатшысы, әрі Әйелдер кеңесінің төрайымы Сатаева Лаззат Муталқызы мен Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің бас маманы Мамыт Әлия Аралбайқызы, ардагер ұстаздар мен жоғары мектептің оқытушы-профессорлары қатысты. Жоғары мектеп белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен профессор оқытушылар құрамына ізгі тілектер арналып, мерекелік концерт ұсынылды.

     

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.