Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі

 

Кафедра меңгерушісі

Нұрғали Құдиярұлы Әшірбаев
 
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
 
 
 
 
Мекен-жайы: Шымкент, А.Байтұрсынов көшесі н/з үй, М.Әуезов атындағы ОҚМУ № 7 оқу ғимараты, 320 бөлме
Телефоны: 21-17-15
 
 
Жалпы мәліметтер

«Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы 1957 жылы құрылған «Жоғары математика» кафедрасынан 2005 жылы жеке бөлініп шықты.

Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін белгілі ғалымдар мен өнегелі ұстаздар атқарды:

1957-1960 жж. -Кузнецов М.С .

1960-1963жж. - Цай И.П.,

1963-1970жж. - Камардинов О.К.,

1970-1975жж. - Жумабеков Л.Ш.,

1975-1986жж. - Байтелиев Т.Б.,

1986-1996жж. - Жумабеков Л.Ш.,

1996-2000 жж. - Ойнаров Р.О.,

2000-2003жж. -  Рахымбек Д.

2003 жылдан бастап кафедраны ф.-м.ғ.д., профессор Әшірбаев Н.Қ. басқаруда.

Қазіргі кезде «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында 2 ғылым докторы, профессорлар, 6 ғылым кандидаты, доценттер,6 аға оқытушы, 2 магистр-оқытушылар дәріс беруде.

Кафедра 3 саты деңгейі бойынша мамандар дайындайды:

- 5В010900 - «Математика» мамандығы бойынша бакалавр,

- 6М010900 - «Математика» мамандығы бойынша магистр,

- 6D010900 - «Математика» мамандығы бойынша РһD докторант

Білім алушылар күндізгі, кешкі және сыртқы бөлімдерде оқиды, олардың көбі білім грант иегерлері. Магистранттар және РһD докторанттар ғылыми тағылымдаманы  Ресей, Турция, Польша елдеріндегі жоғары оқу орындарында өтеді.

Кафедраның бірінші түлектері 2001 жылы 030140-«Математика және информатика» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Осы 56 жылдан астам тарихы бар кафедра базасында білім беру жүйесі мен қоғам талабына сай бірнеше мыңдаған маман кадрлар дайындалды.

Кафедра ұжымының оқытушы-профессорлар құрамы оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарына сай дайындап, баспадан шығарып, университет кітапханасының фондын жыл сайын толықтырып келеді. 5В010900-«математика» мамандығының студенттері үшін оқу-тәрбие үдерісінің әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі мамандар даярлау сапасын жоғарылатудың қазіргі таңдағы талаптарына сай. Кафедра интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.

Кафедрада  «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері  п.ғ.д. профессор  Рахымбек Д.(2007ж), ф.-м.ғ.д, профессор Әшірбаев Н.Қ.(2010ж),  ф.-м.ғ.к. доцент  Юнусов А.А.(2012ж),  п.ғ.к. доцент Бекмолдаева Р.Б.(2013ж) қызмет етеді.

Математикалық білім беру ісі мектепке дейінгі дайындықтан бастап бастауыш мектеп – негізгі мектеп – орта мектеп – кәсіптік және арнаулы орта оқу орындары – жоғары мектеп – жоғары оқу орнынан кейінгі кезеңдердің барлығын қамтиды. Осы кезеңдердің әрқайсысында математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тәжірибе жинақталады. Ол теориялық зерттеулер мен тәжірибе нәтижелері бүкіл математика мұғалімдеріне қол жетімді болу мақсатында кафедра базасында 2012 жылдан бастап «Математика дидактикасы» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал шығуда. 

Бітірушілер халыққа білім беру саласындағы орта, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу орталықтарында, мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқара алады. Біздің түлектер педагогикалық қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, ғылымда, өндірісте үлкен табысты шығармашылық қызметтер атқаруда.

Ғылыми жұмыс

Кафедрада ҒЗЖ екі бағытта жұргізіледі:

1.  Б-11-10-05 «Бейіндік оқыту жағдайында математика мұғалімінің әдістемелік дайындығын жетілдіру». Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Рахымбек Д.

2.  Б-11-01-03 «Ішкі тұтассыздықтары бар және үзілісті шекаралық шарттарымен берілген ақырлы өлшемді серпімді дене үшін стационар емес динамикалық есептеуде кеңістіктік сипаттамалар әдісін жетілдіру». Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Аширбаев Н.Қ.

Кафедра бойынша 2016-2020 жж. ұсынылатын бюджеттік ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптары:

1.«Математика мұғалімінің әдіснамалық білімдерін жетілдіру». Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Рахымбек Д.

2.«Әр түрлі локальдық тесіктері бар біртекті және біртекті емес серпінді ортадағы толқындардың таралуы». Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Аширбаев Н.Қ.

Ф.-м.ғ.д., профессор Аширбаев Н.Қ. жетекшілігімен 2015-2017 ж.ж. арналған  «Күрделі геометриялық түрдегі локальдық тесіктері бар біртекті және біртекті емес серпімді ортадағы стационар емес процесстер» және «Сызықты емес талдаудағы компактылық шарттары және олардың дифференциалдық және интегралдық теңдеулерге қолданысы» атты тақырыптар бойынша Республикалық бюджеттен  қаржыландырылатын ғылыми жоба жұмыстары орындалуда.

И.Лукасевич атындағы Жешув политехника университетінің (Польша) профессор,жаратылыстану ғылымдарының докторы  Иозеф Банас 8.09.2014-20.09.2014ж. аралығында 6М010900-«математика» мамандығының магистранттарына «Математикалық талдаудың іргелі мәселелері» пәні бойынша дәріс оқыды.

Бұл бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері импакт-факторлы алыс, жақын шетелдердегі ғылыми журналдарда, әртүрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар еңбектерінде жариялануда.

Кафедрада студенттердің ҒЗЖ-мен айналысуына және әр түрлі деңгейдегі конференцияларға, пәндік олимпиадаларға қатысуына көп көңіл бөлінеді.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (Орал қаласы) 2012 жылдың 12-13 сәуір аралығында математикадан (5В010900-математика) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткізілген Республикалық олимпиадада М.Әуезов атындағы ОҚМУ командасы (Ли Е. – ЕП-09-1р, Нарбекова Г.- ЕП-10-1К1) жүлделі III орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

«Ғылыми қызметкерлер күні» аясында өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың  «Ғылым және Білім-2013» атты Астана қаласында өткен халықаралық VIII ғылыми конференциясында ағылшын тілінде жасалған үздік баяндамасы үшін ЕП-10-1к1 тобының студенті Нарбекова Г. II дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жас ғалым-2013» атты Тараз қаласында өткен V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жасалынған баяндамасы үшін ЕП-10-1к4 тобының студенті Мейірбекова С. I дәрежелі дипломмен, ЕП-10-1к2 тобының студенті Буркитбаева А. II дәрежелі дипломмен, ЕП-10-1к3 тобының студенті Әуес М. III дәрежелі дипломмен марапатталды.


«БЕКІТЕМІН»

ҚР БжҒМ «М.Әуезов атындағы ОҚМУ» ШЖҚ РМК

т.ғ.д., профессор

______________ Ж.Ү.Мырхалыков

 «_____»___________2017ж.

 

ҚР БжҒМ "М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi" ШЖҚ РМК

6D010900 – Математика білім беру бағдарламасының

мамандырылған аккредиттеу аясында өткізілген

 сыртқы бағалау (аудит) бойынша БСҚА сарапшылар тобының ескертулері мен ұсыныстарын жою жөніндегі түзетуші іс – шаралар ЖОСПАРЫ 

№ п/п

Анықталынған сәйкессіздіктер (ескертулер), ұсыныстар

 

Түзетуші іс - шаралар (ТІ)

Орындау мерзімі

ТІ орындайтын жауапты тұлға

Орындау туралы белгі

(күні,

 ТІ жауапты тұлғаның қолы)

Ескертулер

1

2

3

4

5

6

7

1

Докторанттардың білімін бағалауда компьютерлік-тестілеу түріндегі емтиханға басымдық беріліп, ауызша немесе жазбаша емтихандардың жеткілікті деңгейде қолданылмайтыны байқалды. 

6D010900 – Математика мамандығында оқитын докторанттардың білімін бағалауға ауызша және жазбаша емтихан түрлерін енгізу

Жыл сайын

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.,

ЖОО кейінгі білім беру орталығының басшысы

Байжанова С.Б.

 

 

2

Бірінші курсқа арналған элективті пәндер каталогында әрбір оқытылатын пәннің мақсатын жеке, қысқаща мазмұнын жеке  көрсеткен дұрыс.  

Жаңартылған элективті пәндер каталогында әрбір пәннің мақсаты мен   қысқаща мазмұнын жеке бөліп көрсету. 

01.09.2017

Жыл сайын жаңалау

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.

 

 

 

3

Білім беру бағдарламасын құрастыру үрдісіне  докторанттардың қатысуын  қамтуды белсендіру керек

Білім беру бағдарламасын құрастырушылар құрамына  6D010900-Математика  мамандығында оқитын докторанттардың қатысуын  қамтамасыз ету

30.08.2017

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.

 

 

 

4

 «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы ұжымының жұмысын докторанттардың ағылшын тілі білімдерін жетілдіру бойынша белсендіру

Докторанттардың  ағылшын тілі  курстарында оқуын ұйымдастыру

Жыл сайын

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.

 

 

 

5

6D010900 - «Математика»  мамандығының ерекшелігі  – математиканы оқытудың әдістемесі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жариялау үшін сол саладағы Scopus немесе Thomson Reuters базаларына енетін журналдардың  тапшылығында. Сондықтан «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушы-профессор құрамы мен докторанттарға рейтингісі бар шетелдік басылымдарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жариялауды белсендіру.  

«Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушы-профессор құрамы мен докторанттары рейтингісі бар, Scopus немесе Thomson Reuters базаларына енетін  шетелдік журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау.  

 

Жыл сайын

 

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.

 

 

 

 

6

 «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ұжымына

ағылшын тілі білімдерін жетілдіру жұмыстарын белсендіру

Кафедраның оқытушы-профессор құрамы үшін ағылшын тілі  курстарынан өтуді ұйымдастыру

Жыл сайын

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.

 

 

 

7

Кафедраға докторантттардың  ЖОО-ның  қазіргі кездегі электронды базаларына, оның ішінде шетелдік базаларға кең көлемде ену мүмкіндігін беру  

Докторантттардың  ЖОО-ның  қазіргі кездегі  электронды базаларына, оның ішінде шетелдік базаларға кең көлемде ену мүмкіндігін қамтамасыз ету 

01.09.2017

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.,

БАО директоры Баймұханбетова Д.М.

 

 

8

Кафедрада оқытушылардың білім беру бағдарламасын жетілдіруге, оқыту тиімділігін арттыруға қатысты үлестерін үнемі талдау ұсынылады.  

 

Кафедра мәжілістерінде  оқытушылардың білім беру бағдарламасын жетілдіруге және  оқыту тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстары мен еңбектерін  қарастыру және талдау жасау

 

Жыл сайын

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.

 

 

 

9

Кафедраға ұлттық және шетелдік ЖОО-нан профессор ғалымдарды шақыру жұмыстарын белсендіру керек.

Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдарын тәжірибе алмасуға, дәріс оқуға және шеберлік курстарын өткізуге шақыру

Жыл сайын

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.

 

 

 

10

«Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушы-профессор құрамының қол жеткізген нәтижелері бойынша қоғамды толығырақ ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу.

1. Университет сайтындағы www.ukgu.kz  «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы оқытушы-профессор құрамының ғылыми-әдістемелік жетістіктері көрсетілетін парағын жаңалау.

2. БАҚ мүмкіндіктерін үнемі қолдану, кафедра жетістіктерін жариялау.

3. Әлеуметтік желілерге кафедраның парақшасын орналастыру. 

Үнемі

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.,

аға оқытушы Алтынбеков Ш.

 

 

 

11

Кафедрада бағдарлама бойынща жұмыстардың қызығушы тараптарға қатысы туралы  ақпараттардың  әсер ету дәрежесін бағалауға студенттерді, қызметкерлерді, ОПҚ қамту қажет.

Білім беру бағдарламасы бойынща жұмыстардың қызығушы тараптарға қатысы туралы  ақпараттардың  әсер  ету дәрежесін бағалауға докторанттарды, қызметкерлерді, ОПҚ қамту. Бағалау нәтижелерін білім беру бағдарламасы сапасын жақсартуда, кәсіпке бағдарлау жұмыстарында, бітірушілерді жұмыспен қамтуда қолдану 

Жыл сайын

Кафедра меңгерушісі Аширбаев Н.К.

 

 

 

 

 

«Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» каф.меңгерушісі ________Аширбаев Н.К. тел.:87014070212 e-mail:Ank_56@mail.ru

ЖОО кейінгі білім бері орталығының басшысы ___________________ Байжанова С.Б.

МжСПСапа менеджменті және мониторинг бөлімінің бастығы_____________________Джунусбекова С.Ш

Начальник отдела аккредитации_________________ Абдижаппарова Б.Т. 

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.