Математика

 

Кафедра меңгерушісі

Нұрғали Құдиярұлы Әшірбаев
 
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
 
Мекен-жайы: Шымкент, А.Байтұрсынов көшесі н/з үй, М.Әуезов атындағы ОҚМУ № 7 оқу ғимараты, 320 бөлме
Телефоны: 21-17-15
 
 
Жалпы мәліметтер

     «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы 1957 жылы құрылған «Жоғары математика» кафедрасынан 2005 жылы жеке шаңырақ көтеріп шықты. 5В060100, 6М060100, 6D060100- «математика» мамандықтарының қосылуына байланысты кафедра атауы 2017жылдың 4 қыркүйегінен бастап ректордың бұйрығымен  «Математика»  кафедрасы деп өзгертілді. Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін белгілі ғалымдар мен өнегелі ұстаздар атқарды:

1957-1960 жж. -Кузнецов М.С.,
1960-1963жж. - Цай И.П.,
1963-1970жж. - Камардинов О.К.,
1970-1975жж. - Жумабеков Л.Ш.,
1975-1986жж. - Байтелиев Т.Б.,
1986-1996жж. - Жумабеков Л.Ш.,
1996-2000 жж. - Ойнаров Р.О.,
2000-2003жж. -  Рахымбек Д.

2003 жылдан бастап кафедраны ф.-м.ғ.д., профессор Әшірбаев Н.Қ. басқаруда.

      Қазіргі кезде «Математика» кафедрасында 4 ғылым докторы, профессорлар, 7 ғылым кандидаты, доценттер,1 доктор РһD, аға оқытушы,   5 аға оқытушы, 3 магистр-оқытушылар дәріс беруде.

Кафедра екі  мамандық бойынша 3 саты деңгейінде мамандар дайындайды:

- 5В010900 - «Математика» мамандығы бойынша білім бакалавры,
- 5В060100 - «Математика» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры,
- 6М010900 - «Математика» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі,
- 6М060100- «Математика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдар  магистрі,
- 6D010900 - «Математика мамандығы бойынша доктор РһD,
- 6D060100- «Математика мамандығы бойынша доктор РһD.

      Білім алушылар күндізгі, кешкі және сыртқы бөлімдерде оқиды, олардың көбі білім грант иегерлері. Магистранттар және РһD докторанттар ғылыми тағылымдаманы  Ресей, Турция, Қырғызстан елдеріндегі жоғары оқу орындарында өтеді.

      Кафедраның бірінші түлектері 2001 жылы 030140-«Математика және информатика» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Осы 60 жылдан астам тарихы бар кафедра базасында білім беру жүйесі мен қоғам талабына сай бірнеше мыңдаған маман кадрлар дайындалды.

      Кафедра ұжымының оқытушы-профессорлар құрамы оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарына сай дайындап, баспадан шығарып, университет кітапханасының қорын жыл сайын толықтырып келеді. 5В010900, 5В060100- «математика» мамандықтары студенттері үшін оқу-тәрбие үдерісінің әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі мамандар даярлау сапасын жоғарылатудың қазіргі таңдағы талаптарына сай. Кафедра интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.

      Кафедрада  «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері  п.ғ.д. профессор  Рахымбек Д.(2007ж., 2014ж. ), ф.-м.ғ.д, профессор Әшірбаев Н.Қ.(2010ж),  ф.-м.ғ.д, профессор Сарсенбі Ә.М.(2010ж), ф.-м.ғ.к. доцент  Юнусов А.А.(2012ж),  п.ғ.к. доцент Бекмолдаева Р.Б.(2013ж), ф.-м.ғ.к., профессор Оразов И.(2014ж.) п.ғ.к., доцент Мадияров Н.К.(2016ж), аға оқытушы Дүйсебаева П.С. (2017ж)   қызмет етеді.

     Бітірушілер халыққа білім беру саласындағы орта,  кәсіптік, жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу орталықтарында, мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқара алады. Біздің түлектер педагогикалық қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, ғылымда, өндірісте үлкен табысты шығармашылық қызметтер атқаруда.

    Білім берудің сапасын қамтамасыздандырудың Тәуелсіз Қазақстандық  агенттігінің (НКАОКО) соңғы 5 жылдағы нәтижесі төмендегідей:

Шифр

Мамандық

2013

2014

2015

2016

2017

5В010900

Математика

1

3

1

1

3

5В060100

Математика

2

2

3

3

4

 
 Ғылыми жұмыс
Кафедрада ҒЗЖ  2016-2020 жж. бекітілген  Мемлекеттік  бюджеттік  тақырыптар бойынша жүргізіледі:
      Б-16-01-12- «Математика мұғалімінің әдіснамалық білімдерін жетілдіру». Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Рахымбек Д.

      Б-16-01-11- «Двумерные волны напряжений в однородных и неоднородных упругих средах с различными локальными ослаблениями». Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Аширбаев Н.Қ.

      Б-16-01-07(7.3) - «Спектральные проблемы линейных функционально-дифференциальных операторов и их приложения к моделированию химико-технологических, биологических и физико-технических процессов». Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Шалданбаев А.

      Ф.-м.ғ.д., профессор Аширбаев Н.Қ. жетекшілігімен 2015-2017 ж.ж. арналған  «Күрделі геометриялық түрдегі локальдық тесіктері бар біртекті және біртекті емес серпімді ортадағы стационар емес процесстер» және «Сызықты емес талдаудағы компактылық шарттары және олардың дифференциалдық және интегралдық теңдеулерге қолданысы» атты тақырыптар бойынша Республикалық бюджеттен  қаржыландырылатын екі  ғылыми жоба жұмыстары орындалды.

     Бұл бағыттар мен ғылыми жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері импакт-факторлы алыс, жақын шетелдердегі ғылыми журналдарда, ҚР БжҒМ  БмҒ қадағалау комитетінің тізіміндегі Республикалық рейтінгілік басылымдарда, әртүрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар еңбектерінде жариялануда.

     Кафедрада студенттердің, магистранттардың және PhD докторанттардың Ғ3Ж-мен айналасуына және әртүрлі деңгейдегі конференцияларға, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға қатысуына көп көңіл бөлінеді.

     Кафедра PhD докторанты Абдуалиева М.А. Ресей Федерациясының  «Тольятти мемлекеттік университетінде» 2017 жылдың 26-29 сәуірінде  ұйымдастырылған «Менің кандидаттық диссертациям» атты ғылыми зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысып, жүлделі 2- ші орынды иеленді.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.