"Мамандықтың ашық есік күні"

         М. Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университеті «Химия» және «Мұнай өңдеу және мұнай химиясы» кафедраларының  профессор-оқытушылар құрамы  Шымкент қаласындағы  60 мектеп ,лицейлерде  және колледждерде кәсіби -бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқу орнын бітіруші түлектерге бейіндік таңдау пәндері ретінде химия- биология, химия- физика пәндерін таңдаған оқушыларға  28.11.2017ж.  университеттің мәжіліс залында «Ашық есік» күнін өткізді.  

        Ашық есік күнін ұйымдастырып өткізудің негізгі мақсаты -мектеп бітірушілерінің мамандықты дұрыс таңдауына жол көрсету.
        Мамандықтың ашық есік күніне ұйымдастырылған концерттік бағдарламада мектеп, колледж түлектеріне М.Әуезов атындағы ОҚМУ-інің ОӘЖ проректоры т.ғ.д.профессор  Д.С.Сабырханов және  «Жаратылыстану ғылыми –педагогикалық»    жоғары мектебінің деканы п.ғ.к.доцент Н.К.Мадияров құттықтау сөз сөйлеп,мамандықтардың жетістіктері туралы толық  мәлімет берді.
        Ашық есік кунін «Мұнай өңдеу және мұнай химиясы» кафедрасының меңгерушісі  т.ғ.к.,доцент С.Ә.Сақыбаева және «Химия» кафедрасының  меңгерушісі т.ғ.к.,доцент М.Н. Ермаханов  кафедралардың оқытушы профессор құрамымен бірігіп өткізді.
                             
                             
Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.