Кәсіптік оқыту

Кафедра меңгерушісі
Жолдасбекова Сауле Абдразаховна
 
 Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

 

Мекен-жайы: Шымкент, А.Байтұрсынов көшесі н/з үй, М.Әуезов атындағы ОҚУ № 7 оқу ғимараты, 207 бөлме
Байланыс телефоны: 30-09-28, 8747-564-36-80
E-mail:  saulez.63@mail.ru
 
►Профессор-оқытушылар құрамы
 

 

              Жалпы мәліметтер, кафедра тарихы
        «Кәсіптік оқыту» кафедрасы 1956 жылдан бастап «Еңбекке баулу және кәсіптік оқыту мұғалімі» мамандығы бойынша педагогикалық кадрлар дайындаумен ацналысады. Осы жылдар аралығында кафедра облыстың жалпы білім беретін және кәсіби мектептеріне арнап үш мыңнан астам жоғары білікті педагог мамандарды дайындап шығарды.
    Жастарды еңбек технологиясына оқыту кәсіпке дайындау жұмысы  қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық талаптарына сай мамандықтың аталуы  түрлі бағытта өзгертіліп отырылды. Мысалы, Шымкент педагогикалық институтының физика-математикалық, физикалық және инженер-педагогикалық факультеттерінің құрамында : 60-70 -жылдары - «Өндіріс негіздері және физика», 70-80 жылдары – «Жалпы техникалық пәндер, еңбек және физика», 80-90 жылдары – «Еңбек», «Жалпы техникалық пәндер» болып заман талабына сай өзгертіліп отырылды.
Аталған мамандық бойынша кафедраны ұзақ жылдар бойына жоғары білікті мамандар, жастарды еңбекке баулу және кәсіпке дайындау саласында қызмет атқарған ғылым педагогтар басқарған.  Олардың ішінде М.С.Сәрсенбаев, К.А.Дүйсенбаев, Ю.С.Суязов, И.А.Анарбеков, К.Т.Назарбеков, А.Б.Саипов, Д.К.Пошаев, Е.Д.Мейірбеков, С.А.Мошкин, Ю.Н.Камалов, С.А.Жолдасбекова бар.
       1996 жылы республика ЖОО-ның қайта ұйымдастырылып құрылуына байланысты кафедра инженер-педагогикалық факультеті құрамында жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің құрамына еніп, «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы деп аталды.
        1998 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ОҚО-да екі ірі университеттер: Техникалық университет және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүсьік Қазақстан университеті құрылды. Осылайша «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы Жаратылыстану-педагогикалық факультеттің құрамында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың құрылымына енді.
        Бүгінгі таңда кафедра 5В012000 - Кәсіптік оқыту, 6В01450-Кәсіпік оқыту,  6В01451-Көркем еңбек және сызу(бакалавриат), 6М012000 –Кәсіптік оқыту (магистратура) және 6D012000  - Кәсіптік оқыту (докторантура Phd) мамандықтары бойынша жоғары білікті педагог кадрларын дайындауда.
 

  

                          

Материалдық-техникалық базасы
         Қазіргі таңда кафедра базасында ағаш, металл, тоқыма материалдарын өңдеу шеберханалары, радиоэлектроника, ауылшаруашылық техникаларын автокөліктерді пайдалану және жөндеу бойынша 12 мамандандырылған шеберхана мен зертханалар жұмыс жасауда .
       Шымкент қаласының  «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» мен   «Индустральды техникалық колледждерімен» жасалған екі жақты келісім-шарт негізінде оқу-ғылыми өндірістік кешен (ОҒӨК) ұйымдастырылып жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, дуальды оқыту негізінде болашақ педагог кадрларды даярлау мәселесі қолға алынған.
Оқытушылар құрамы
          Кафедрада жұмыс істейтін 12 оқытушының 2-педагогика ғылымдарының докторы (С.А. Жолдасбекова, А.Б.Саипов), 4-педагогика ғылымдарының кандидаты (Ю.Н. Камалов, Т.Ш.Маханов, Г.А. Бакирова, Л.С.Ахмет), 4 оқытушы-магистр (С.Ш. Байзахова, Х.Ш. Қайрақбаева, М.Ю.Камалов, А.А.Қозыбекова) және 2-аға оқытушы (Кубенов М.А., Изтилеуова А.Ш.) педагогикалық қызмет атқаруда.
          Кафедраның профессорлары мен оқытушылары 1995, 1996, 2001, 2002, 2004, 2006 және 2010 жылдардағы «Еңбек», «Кәсібтік оқыту» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ типтік оқу бағдарламаларының авторлары. Жалпы білім беретін мектептердің «Көркем еңбек» пәні оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдар авторлары.

  

 

    Біздің жетістіктеріміз

         Соңғы 5 жыл ішінде, яғни 2015-2021 жылдар аралығында аталған кафедраның оқытушы профессорлар құрамы 16 оқулық, 29 оқу құралын (РУМС МОН РК),  415 әдістемелік құралын, 32 виртуалдық практикалық жұмыстарын, 6 бейнелекцияларын, 300-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалаларын, 48 оқу үдерісіне енгізу актілерін дайындады.
            Бакалавриат бағыты бойынша кәсіптік оқыту мамандығы ҚР ЖОО-рының IQAA білім беру сапасын қаматамасыз ету тәуелсіз агантігінің 2018 жылғы қортындысы бойынша І-ші орынды иеленді.
           
PhD доторантурасы бағыты бойынша ҚР ЖОО-ның НААР аккредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігінің 2018 жылғы қрытындысы бойынша 1 орынды иеленді.
           2020 жылы сәуір айында өткен студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында Астана қаласында жүлделі 2-ші орынды иелендік. 2019-2020 оқу жылынан бастап Шымкент қаласының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис»  колледжінің базасында 3 курс студенттерімен «Дуальдық оқыту» формасын жүзеге асыру жүргізілуде.
          Қазіргі таңда кафедра базасында жоғары кәсіптік білім беру жүйесі үш сатыда жүргізіледі.
6В01450-Кәсіпік оқыту,  6В01451-Көркем еңбек және сызу(бакалавриат),
 7М01450 –Кәсіптік оқыту (магистратура)
 8 D01450 - Кәсіптік оқыту (докторантура PhD)
2017 жылдың мамыр айында кафедрамыздың базасына 6D012000  - Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаудың арнайы Кеңесі ашылды.
Қазіргі таңда 2020-2021 оқу жылында кафедра базасында 10 магистрант және 9 PhD докторанттары білім алуда.
2020 жылы 26.06.2020ж Савельева Виктория Вячеславовна  «Университетік білім беру жағдайында бакалаврларды жобалық іс-әрекетке кәсіби дайындау»  диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

 

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.