Кәсіби оқыту теориясы мен әдістемесі

Кафедра меңгерушісі

Камалов Юсубалы Назымұлы
 
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: Шымкент, А.Байтұрсынов көшесі н/з үй, М.Әуезов атындағы ОҚМУ № 7 оқу ғимараты, 207 бөлме
Байланыс телефоны: 30-09-28
E-mail: kasiptik_bilim@mail.ru
 
►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер, кафедра тарихы

«Кәсібке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы 1956 жылдан бастап «Еңбекке баулу және кәсібтік оқыту мұғалімі» мамандығы бойынша педагогикалық кадрлар дайындаумен ацналысады. Осы жылдар аралығында кафедра облыстың жалпы білім беретін және кәсіби мектептеріне арнап үш мыңнан астам жоғары білікті педагог мамандарды дайындап шығарды.
Педагогикалық кадрлардың жастарды еңбекке баулу және кәсібке дайындау жұмысы бойынша қоғамның әлеуметтік-экономикалық талаптарына сай кафедраның атауы әр түрлі бағытта өзгертіліп отырылды. Мысалы, Шымкент педагогикалық институтының физика-математикалық, физикалық және инженер-педагогикалық факультеттерінің құрамында бірнеше рет өзгертілді: 60-70 -жылдары - «Өндіріс негіздері және физика», 70-80 жылдары – «Жалпы техникалық пәндер, еңбек және физика», 80-90 жылдары – «Еңбек», «Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы.
Аталған мамандық бойынша кафедраны ұзақ жылдар бойына жоғары білікті мамандар, жастарды еңбекке баулу және кәсібке дайындау саласында қызмет атқарған ғылым кандидаттары мен докторлары басқарған.  Олардың ішінде М.С.Сәрсембаев, К.А.Дүйсенбаев, Ю.С.Суязов, И.А.Анарбеков, К.Т.Назарбеков, А.Б.Саипов, Д.К.Пошаев, Е.Д.Мейірбеков, С.А.Мошкин, Ю.Н.Камалов, С.А.Жолдасбекова бар.
1996 жылы республика ЖОО-ның қайта ұйымдастырылып құрылуына байланысты кафедра инженер-педагогикалық факультеті құрамында жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің құрамына еніп, «Кәсібке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы деп аталды
1998 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ОҚО екі ірі университеті: Техникалық университет және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүсьік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды. Осылайша «Кәсібке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы Жаратылыстану-педагогикалық факультеттің құрамында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың құрылымына енді.
Бүгінгі таңда кафедра 5В012000 - Кәсібтік оқыту (бакалавриат), 6М012000 –Кәсібтік оқыту (магистратура) және 6D012000  - Кәсіптік оқыту (докторантура Phd) мамандықтары бойынша жоғары білікті педагог кадрларын дайындауда.

  

Аталған мамандық бойынша кафедраны ұзақ жылдар барысында жоғары білікті мамандар, жастарға еңбек баулу және кәсіби дайындық саласында жұмыс істеген ғылым кандидаттары мен докторлары басқарған.  Олардың ішінде М.С.Сәрсембаев, К.А.Дүйсенбаев, Ю.С.Суязов, И.А.Анарбеков, К.Т.Назарбеков, А.Б.Саипов, Д.К.Пошаев, Е.Д.Мейірбеков, С.А.Мошкин, Ю.Н.Камалов, С.А.Жолдасбековалар бар.
1995 жылы республика ЖОО-ларының қайта ұйымдастырылуына байланысты кафедра инженерлік-педагогикалық факультет құрамында жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің құрылымына еніп, «Кәсіби оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы деп аталды
1998 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ОҚО екі ірі университеті: Техникалық университет және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүсьік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды. Осылайша «Кәсіби оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы жаратылыстану-педагогикалық факультеттің құрамында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың құрылымына енді.
Бүгінгі таңда кафедра 050120-«Кәсіби оқыту» (бакалавриат) және 6N0120 –« Кәсіби оқыту» (магистратура) мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік орталық болып табылады.
2008-2009 оқу жылынан бастап кафедра базасында «Кәсіби оқытудың теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша РhD докторантура ашылды.

  

Материалдық-техникалық базасы
Қазіргі таңда кафедра базасында ағаш, металл, тоқыма материалдарын өңдеу шеберханалары, радиоэлектроника, ауылшаруашылық техникаларын жабдықтау және орналастыру бойынша12 мамандандырылған шеберхана мен зертханалар жұмыс жасауда .
Шымкент қаласының №3, 5 колледждерімен жасалған екі жақты келісім-шарт негізінде оқу-ғылыми өндірістік кешен (ОҒӨК) ұйымдастырылып жұмыс жүргізілуде.
Оқытушылар құрамы
Кафедрада жұмыс істейтін 17 оқытушының 2 – педагогика ғылымдарының докторы (С.А. Жолдасбекова, А.Б.Саипов), 6 – педагогика ғылымдарының кандидаты (Ю.Н. Камалов, Т.Ш.Маханов, А.С.Узахова, Г.А. Бакирова, А.И. Ысқақ, Б.Т. Қарсыбаев), 7 оқытушы – магистр (С.Ш. Байзахова, М.Ю.Камалов, Ш.А. Битемирова, Е.А. Сауытов, М.А.Тауасаров, Х.Ш. Қайрақбаева, А.А. Қозыбекова) педагогикалық қызмет атқаруда.
Кафедраның профессорлары мен оқытушылары 1995, 1996,2001,2002,2004, 2006 және 2010 жылдардағы «Еңбек», «Кәсібтік оқыту» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ типтік оқу бағдарламаларының авторлары.

  

Біздің жетістіктеріміз
Соңғы 5 жыл ішінде, яғни 2010-2015 жылдар аралығында аталған кафедра 5 оқулық, 22 оқу құралын, 32 әдістемелік құралы, 4 электрондық оқулық, 35 виртуалды зертханалық және практикалық жұмыс, 5 бейнелекция және 100-ден астам ҒЗЖ, СҒЗЖ нәтижелерін оқу процесіне енгізу актілерін шығарды.
Бакалавриат пен магистратура және PJD докторантура оқу пәндері бойынша 50 - ден астам типтік оқу бағдарламалары жасалып шығарылды. Соңғы 10 жылда  ҚР білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық аккредитациялау орталығының шешіміне сәйкес біздің кафедрамыз жоғары оқу орындары ішінде 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша 1-орынды иеленіп келеді. Сондай ақ соңғы 7 жыл бойына «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында 1 орынды иеленіп келуде.
Қазіргі таңда кафедра базасында жоғары кәсіптік білім беру жүйесі үш сатыда жүргізіледі.
5В012000 - Кәсіптік оқыту (бакалавриат)
6М012000 –Кәсіптік оқыту (магистратура)
6Д012000  - Кәсіптік оқыту (докторантура Phd)

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.