Кәсіби оқыту

Кафедра меңгерушісі

Камалов Юсубалы Назымұлы
 
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: Шымкент, А.Байтұрсынов көшесі н/з үй, М.Әуезов атындағы ОҚМУ № 7 оқу ғимараты, 207 бөлме
Байланыс телефоны: 30-09-28
E-mail: kasiptik_bilim@mail.ru
 
►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер, кафедра тарихы

«Кәсіптік оқыту» кафедрасы 1956 жылдан бастап «Еңбекке баулу және кәсібтік оқыту мұғалімі» мамандығы бойынша педагогикалық кадрлар дайындаумен ацналысады. Осы жылдар аралығында кафедра облыстың жалпы білім беретін және кәсіби мектептеріне арнап үш мыңнан астам жоғары білікті педагог мамандарды дайындап шығарды.
Жастарды еңбек технологиясына оқыту кәсіпке дайындау жұмысы  қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық талаптарына сай мамандықтың аталуы  түрлі бағытта өзгертіліп отырылды. Мысалы, Шымкент педагогикалық институтының физика-математикалық, физикалық және инженер-педагогикалық факультеттерінің құрамында : 60-70 -жылдары - «Өндіріс негіздері және физика», 70-80 жылдары – «Жалпы техникалық пәндер, еңбек және физика», 80-90 жылдары – «Еңбек», «Жалпы техникалық пәндер» болып заман талабына сай өзгертіліп отырылды.

Аталған мамандық бойынша кафедраны ұзақ жылдар бойына жоғары білікті мамандар, жастарды еңбекке баулу және кәсіпке дайындау саласында қызмет атқарған ғылым педагогтар басқарған.  Олардың ішінде М.С.Сәрсенбаев, К.А.Дүйсенбаев, Ю.С.Суязов, И.А.Анарбеков, К.Т.Назарбеков, А.Б.Саипов, Д.К.Пошаев, Е.Д.Мейірбеков, С.А.Мошкин, Ю.Н.Камалов, С.А.Жолдасбекова бар.

1996 жылы республика ЖОО-ның қайта ұйымдастырылып құрылуына байланысты кафедра инженер-педагогикалық факультеті құрамында жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің құрамына еніп, «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы деп аталды.

1998 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ОҚО-да екі ірі университеттер: Техникалық университет және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүсьік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды. Осылайша «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы Жаратылыстану-педагогикалық факультеттің құрамында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың құрылымына енді.

Бүгінгі таңда кафедра 5В012000 - Кәсіптік оқыту (бакалавриат), 6М012000 –Кәсіптік оқыту (магистратура) және 6D012000  - Кәсіптік оқыту (докторантура Phd) мамандықтары бойынша жоғары білікті педагог кадрларын дайындауда.

  

Материалдық-техникалық базасы

         Қазіргі таңда кафедра базасында ағаш, металл, тоқыма материалдарын өңдеу шеберханалары, радиоэлектроника, ауылшаруашылық техникаларын автокөліктерді пайдалану және жөндеу бойынша 12 мамандандырылған шеберхана мен зертханалар жұмыс жасауда .

Шымкент қаласының №3, 5 колледждерімен жасалған екі жақты келісім-шарт негізінде оқу-ғылыми өндірістік кешен (ОҒӨК) ұйымдастырылып жұмыс жүргізілуде.
Оқытушылар құрамы

          Кафедрада жұмыс істейтін 15 оқытушының 2 – педагогика ғылымдарының докторы (С.А. Жолдасбекова, А.Б.Саипов), 4 – педагогика ғылымдарының кандидаты (Ю.Н. Камалов, Т.Ш.Маханов, А.С.Узахова, Г.А. Бакирова), 6 оқытушы – магистр (С.Ш. Байзахова, Ш.А. Битемирова, Қ.Р.Қалабаева, Е.А. Сауытов, М.А.Тауасаров, Х.Ш. Қайрақбаева) педагогикалық қызмет атқаруда.

          Кафедраның профессорлары мен оқытушылары 1995, 1996,2001,2002,2004, 2006 және 2010 жылдардағы «Еңбек», «Кәсібтік оқыту» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ типтік оқу бағдарламаларының авторлары.

  

Материалдық-техникалық базасы
Қазіргі таңда кафедра базасында ағаш, металл, тоқыма материалдарын өңдеу шеберханалары, радиоэлектроника, ауылшаруашылық техникаларын жабдықтау және орналастыру бойынша12 мамандандырылған шеберхана мен зертханалар жұмыс жасауда .
Шымкент қаласының №3, 5 колледждерімен жасалған екі жақты келісім-шарт негізінде оқу-ғылыми өндірістік кешен (ОҒӨК) ұйымдастырылып жұмыс жүргізілуде.
Оқытушылар құрамы
Кафедрада жұмыс істейтін 17 оқытушының 2 – педагогика ғылымдарының докторы (С.А. Жолдасбекова, А.Б.Саипов), 6 – педагогика ғылымдарының кандидаты (Ю.Н. Камалов, Т.Ш.Маханов, А.С.Узахова, Г.А. Бакирова, А.И. Ысқақ, Б.Т. Қарсыбаев), 7 оқытушы – магистр (С.Ш. Байзахова, М.Ю.Камалов, Ш.А. Битемирова, Е.А. Сауытов, М.А.Тауасаров, Х.Ш. Қайрақбаева, А.А. Қозыбекова) педагогикалық қызмет атқаруда.
Кафедраның профессорлары мен оқытушылары 1995, 1996,2001,2002,2004, 2006 және 2010 жылдардағы «Еңбек», «Кәсібтік оқыту» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ типтік оқу бағдарламаларының авторлары.

  

Біздің жетістіктеріміз
         Соңғы 5 жыл ішінде, яғни 2012-2017 жылдар аралығында аталған кафедра 5 оқулық, 22 оқу құралын, 32 әдістемелік құралы, 4 электрондық оқулық, 35 виртуалды зертханалық және практикалық жұмыс, 5 бейнелекция және 100-ден астам ҒЗЖ, СҒЗЖ нәтижелерін оқу процесіне енгізу актілерін шығарды.
         Бакалавриат пен магистратура және PhD докторантура оқу пәндері бойынша 50 - ден астам типтік оқу бағдарламалары жасалып шығарылды. Соңғы 10 жылда  ҚР білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық аккредитациялау орталығының шешіміне сәйкес біздің кафедрамыз жоғары оқу орындары ішінде 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша 1-орынды иеленіп келеді. Сондай ақ соңғы 8 жыл бойына «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында 1 орынды иеленіп келуде.
          Қазіргі таңда кафедра базасында жоғары кәсіптік білім беру жүйесі үш сатыда жүргізіледі.
5В012000 - Кәсіптік оқыту (бакалавриат)
6М012000 –Кәсіптік оқыту (магистратура)
6D012000  - Кәсіптік оқыту (докторантура PhD)

2017 жылдың мамыр айында кафедрамыздың базасына 6D012000  - Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаудың арнайы Кеңесі ашылды.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.