«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Жаратылыстану-педагогикалық факультетінде 2017 жылдың 2 ақпан күні  ҚР–ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша іс-шара  болып өтті. Іс-шараға  факультеттің профессор –оқытушы құрамы мен барлық академиялық топтың студенттері қатысты. Жолдауды түсіндіру  және насихаттау мақсатында «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.  С.А. Мажинбеков және  с.ғ.к., доцент С.Рысбаева  баяндама жасады.

«Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз.

Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.

Білім беру жүйесіне қатысты  «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту».

Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.  

Факультет деканы Мадияров Н.К.: Біздің студент-жастар  үшін,  халқымыздың өсіп-өркендеуі мен бақыты үшін қажетті Үшінші жаңғырту бағдарламасы Қазақстанның  әрбір азаматының өмір сапасын арттыратыны сөзсіз!

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.