Қазақстандық математик-алгебраист, ф.-м.ғ.д., профессор Уәлібай Утмаханбетұлы Өмірбаевпен кездесу

    12.03.2019 жылы университетіміздің конференц залында «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебі мен «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен әлемге танымал Қазақстандық математик-алгебраист, ф.-м.ғ.д., профессор Уәлібай Утмаханбетұлы Өмірбаевпен кездесу өтті. Кездесуге университет студенттері, магистранттар мен жас ғалымдар қатысты.
        Профессор У. Өмірбаев 1998 жылдан 2001 жылға дейін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Информатика» кафедрасын басқарған. Бүгінгі күні Детройттағы Уейн университетінде сабақ береді. Германияның Макс Планка атындағы математика институтында дәріс оқыған. Жапон математигі М.Нагатаның, ағылшын математигі П.Конның есебін шешкен. Америка математика қоғамының жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығы иегері.
     Кездесу барысында «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің деканы Ғ.Ә.Бесбаев профессор У.Өмирбаевтың өмірбаянымен таныстырды. Ғалымның университетіміздегі әріптестері профессор Е.А.Нысанов пен О.З.Сембиев ғалым жайлы пікірлерін білдірді. Ғалым жас ғалымдардың сұрақтарына жауап бере отырып, шетелдік және қазақстандық оқу орындарының айырмашылығын сөз етті, шетелдік тәжірибесімен бөлісті.
 
     
Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.