«Химияны оқыту әдістемесі» зертханалық кабинетінің ашылуы

Байырғы жоғарғы оқу орны – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне – 75 жыл. Оқу орны – мамандар ұстаханасы, академиялық білім беру мектебі. Оның негізі 1943 жылы қаланған. Бүгінгі күні бұл Қазақстан Республикасының ірі де, көпбейіндік университеті, аймақтың ғылыми-білім, зияткерлік және мәдени орталығы. Өзінің 75-жылдығын мекеме ұжымы көптеген халықаралық іс-шаралармен атап өтті. Жақында ғана мұнда еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары кеңесінің мәжілісі жүргізіліп, бірінші жетекшіге ескерткіш орнатылды.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ 75-жылдығының құрметіне «Жаратылыстану-ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебі «Химия» кафедрасында «Химияны оқыту әдістемесі» зертханалық кабинеті ашылып, оған техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ермаханов Мырзабек Нысанбекұлы басшылық жасайды.

    

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.