Кафедра меңгерушісі
Ермаханов Мырзабек Нысанбекұлы
техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: Шымкент қ., 160012, Байтұрсынов к-сі, н/з, М. Әуезов атындағы ОҚМУ 225 каб.
Телефон: 21-34-22
E-mail: mirza1964@mail.ru
Жалпы мәліметтер
Кафедра ұжымы мәжілісте
2004-2005 оқу жылдарынан бастап кафедра студенттерге 050112-Химия мамандығы бойынша білім беруді бастады. 2018 ж. 3 шілдеде 5В012500-«Химия-Биология» мамандығы бойынша Лицензия алынды. 2018-19 оқу жылында аталған мамандық бойынша 1-курсқа студенттер қабылданды. Грант бойынша оқуға түсуші талапкерлер мен студенттер саны жыл санап артуда.
«Химия» кафедрасында студенттер 5В11200-«Химия» және 5В060600 «Химия» мамандықтары студенттері, одан әрі ғылыми тағылымдамалық және бейіндік бағыттарда өз білімдерін жалғастыруларына болады.
Сонымен қатар, кафедра «М. Әуезов атындағы ОҚМУ үздік кафедрасы» номинациясының бірнеше дүркін жеңімпазы және рейтинг бойынша бакалавр, магистратура мамандықтары арасында Қазақстан Республикасында алдыңғы үштікте тұр.
Соңғы жылдары магистранттарды оқытудың жаңа жүйесі қалыптасты. Ол ғылыми жұмыстардан, төменгі және жоғары курстағы педогогикалық үрдіске қатысудан және химияның арнайы мәселелері бойынша курстарды тыңдаудан тұрады. Оқу барысында магистранттар ғылыми семинарларға қатысып, ғылыми жобалар жазуға машықтанады. 6М011200-«Химия», 6М060600-«Химия» мамандықтары бойынша магистратура бітірген түлектер «Химия мамандығы бойынша педогогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесіне ие болады. Магистранттар жыл сайын алыс-жақын шетелдерде ғылыми тағылымдамадан өтеді: атап айтқанда Д.А. Инкарбеков Мәскеу қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы РХТУ-де тағылымдамадан өтсе, ал Б.Ф. Мамырова, Н.Ә. Омарова Бішкек қаласындағы И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде тағылымдамадан, ал Әлібекова М.А. Мәскеу қаласындағы МҚПУ-де, Ильясова Д., Анарқұлова Б. Томск мемлекеттік педогогикалық университеттен тағылымдамадан өтті.
Білім беру қызметін жоғарлату үшін университетте барлық мамандықтар бойынша кредиттік оқыту жүйесі енгізілген. Осыған байанысты кафедра оқытушылары пәндердің оқу-әдістемеік кешенін, оқу құралдары мен кейстер дайындап шығаруда.
Профессор Г.М. Адырбекова «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәнінен студенттерді оқыту әдістемесі бойынша электрондық оқулық шығарды.
Қазіргі таңда кафедрада 2 ғылым докторы, оның ішінде 1 химия ғылымдарының докторы, 1 техника ғылымдарының докторы, 12 ғылым кандидаты, аға оқытушылар мен магистр оқытушылар қызмет атқарады.
Кафедра М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Д.И. Менделеев атындағы РХТУ, Томск педагогикалық университеті, Химия ғылым институты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттері және ғылыми институттарымен тығыз қарым-қатынаста. Мысалы, 2012 жылдан бастап жыл сайын қазан айында Ресейдегі Томск мемлекеттік педагогикалық университетінің х.ғ.д., профессоры кафедраға іс-сапармен келіп, дәрістер оқып, тәжрбие алмасады. Ресей профессоры өзінің «Химиядағы компьютерлік моделдеу» пәні бойынша ғылыми еңбегімен таныстырып, студенттер мен магистранттарға бір ай көлемінде лекция оқыды. Профессор-оқытушы құрамымен тәжірибе алмасу сабақтары жүргізілді. Профессор О.Х. Поллещук әсіресе, химия пәнінен жаңа технологияларды пйдаланып сабақ жүргізу бойынша болашақ мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығын арттыруға үлкен үлесін қосуда.
Х.ғ.д., профессор Полещук О. Х.
кафедра меңгерушісі М.Н. Ермаханов жылдың үздік оқытушысы куәлігін алу сәтінде
«Химия» кафедрасының х.ғ.к., доцент Адырбекова Гүлмира Менлібайқызы 2015 жылдың жоғары оқу орнының «Ең үздік оқытушысы» атағын иеленді.
Кафедраның аға оқытушылары Асылбекова Г.Т. және Рахимова Г.А. «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бағдарламасымен Германияда болып қайтты. Германияның Дюссельдорф қаласы «INTAMT халықаралық технология және менеджмент» академиясында «Германия университеттеріндегі инновациялық әдістер және оқыту технологиялары» тақырыбында 08.11.2013-19.11.2013 жж. аралығында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Асылбекова Г.Т. Рахимова Г.А.
Міндеті
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар тұлғасының даму, қалыптасу мәселелерін шығармашылық жағынан шешуге, ғылыми-зерттеу қызметімен интеграцияланған оқу жүйесіне инновациялық білім беру принциптерін енгізуге қабілетті жаңа формациялы кәсіби-құзырлы педагогтар дайындау (химия бакалавры, химия магистрі). Бiз болашақ мамандарға әлемдік бiлiм беретiн кеңiстiкке қазақстандық білім беру жүйесiн кiрiктіру негізінде адамгершілік және жалпы мәдени қасиеттерді қалыптастырамыз.
Х.ғ.к.,доцент Журхабаева Л.А. студенттермен өзіндік жұмыстарын талқылауда
«ХОТменӘ» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Сабденова Ұлбосын Өтегенқызы 2014-2015 оқу жылының нәтижесі бойынша «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы
Ғылыми жұмыстар
Кафедрада тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейгі көтерілуде. 3 түрлі мемлекеттік бюджеттік тақырып орындалуда. «Жас химик» үйірмесі «Неорганикалық химия» және «Органикалық химия» секциялары бойынша жұмыс істейді. Студенттер республикалық конференциялар мен байқауларға белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары,соның ішінде кафедра меңгерушісі Ермаханов М.Н. химия пәнінен облыстық және қалалық олимпиадаларда қазылар алқасының мүшесі қызметін атқарып,оқушылардың білімін тексеріп,бағалауда өз үлесін қосуда.
Х.ғ.к.,доцент М.Н.Ермаханов қалалық мектеп аралық олимпиаданы бақылау үстінде
Студенттердің х.ғ.к., доцент Б.А. Урмашевтың жетекшілігімен зертханалық жұмыс жасау барысы
Тәрбие жұмыстары бойынша кафедрада студенттермен түрлі мерекелерге байланысты ашық тәрбие сағаттары өткізіледі. Студенттеріміздің бойында адамгершілік, жанашырлық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Мысалы: 2015-2016 оқу жылының желтоқсан айында Олжас Сүлейменовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Жыр - толғағы» атты кең көлемде ашық тәрбие сағаты болып өтті.
-педагогикалық іс тәжірибе базалары:
- Д.И. Менделеев атындағы №15 химия-биологиялық лицей мектебі
- Қ. Сыпатаев атындағы №7 техникалық мектеп-лицейі
- А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы
5В060600-Химия мамандығы бойынша:
- өндірістік (педагогикалық І, ІІ) іс-тәжірибе базалары:
1. Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебі
- Шымкент қаласы, №15 Д.И. Менделеев атындағы химия-биологиялық лицей мектебі Шымкент қаласы,
- №7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп-лицейі
- №1 Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытылатын мектеп-интернат
- №24 С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп
- Техникалық лицей