Физика оқытудың теориясы мен әдістемесі

Кафедра меңгерушісі

Пулат Аблатыұлы Саидахметов

физика-математика ғылымдарының кандидаты

 

 

Мекен-жайы: А.Байтұрсынов н-3, №7 оқу ғимараты, 230
Телефоны:  21-34-22

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер

1958 жылдан бастап физика кафедрасы ҚазТИ, ҚазХТИ құрамында болған. 2006 жылдан бастап М.Әуезоватындағы ОҚМУ құрамында «Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып өзгертілді. 

2004 жылдан бастапка федрада 050110 – Физика, 2009 ж. бастап 5В011000 – "Физика" (педагогикалық бағыт); 050604 – Физика, 2009 ж. бастап 5В060400 – Физика, (ғылымибағыт) мамандығы бойынша бакалаврлар дайындау жұмысы жүргізілуде.

2015-2016 оқу жылында күндізгі бөлімде оқитын студенттер контингенті 92 адам болса,  сырттай-қашықтықтан оқыту бойынша 35 студент оқиды.

Кафедра келесі шет елдік оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен байланысы болып табылады: Тольятти мемлекеттік университеті, Омск мемлекеттік педагогикалық университеті, қолданбалы ғылымдарды Гамбург Жоғарғы мектебі, Жаратылыстану ғылымдарының Познань университеті, Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті, Ломоносов атындағы ММУ, Мемлекеттік ғылыми орталық И.П.Бардин атындағы РФ ФГУП ЦНИИЧермет.

Кафедрада жалпы физика, физика мен техниканы мектепте эксперимент ретінде оқытудың әдістемесі және т.б. зертханалар бар. Барлығы 4 зертхана және 1 компьютерлік сынып жұмыс істейді. Зертхана заманауи физикалық құралдармен, жаңа әдістемелік құралдармен жабдықталған.

Оқу процесі үшін жаңа компьютерлер мен интербелсенді тақталаралынған.

Ғылыми жұмыстар

Тәжірибелі доценттер басқаратын кафедра келесі ғылыми бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:

1. Жалпы білім беретін мектепте физиканы оқытудың өзекті мәселелері.

2. Мультимедиялық ресурстарды жоғарылату жолымен физиканы оқыту әдістемесін жетілдіру.

3. Конденсирілген күйдің физикасының мәселелері.

Біздің жетістіктеріміз

Кафедра 2007-2008 оқу жылынан магистратура 6N0110, 6N0604 (2009 ж. бастап 6М011000 және 6М060400) мамандықтары бойынша  дайындық жұмысын бастады. 2014-2015 оқу жылында кафедрада 13 магистрант оқиды.

Кафедра магистранттары ОҚМУ жанындағы «Сапа» физикалық-химиялық зерттеу әдістері зертханаларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ физиканы оқыту әдістемесімен айналысады, ғылыми жетекшілер басшылығы мен ғылыми мақалалар жариялайды.      

Оқытушылар әсіресе «Физаканы оқытудың компьютерлік әдістері», «Физиканы оқыту процесіндегі жаңа технологиялар сараптамасы», сондай-ақ жалпы физика сияқты пәндер бойынша педагогиканың дәстүрлі әдістемелік тәсілдерін, оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін және өзіндік жұмыс элементтерін тиімді пайдалана біледі.

Компьютер сыныбы бар. Студенттер компьютер сыныптарында физикадан виртуальды зертханалық жұмыстарды орындайды. Толық компьютер курсы 18 зертханалық жұмыстар мен эксперименттен тұрады.  Кафедрада кванттық механика бойынша 2 электрондық оқулық, механика және молекулярлық физика, виртуалды зертханалық жұмыс орындау бойынша әдiстемелiк нұсқау, «Магнетизм» тақырыбы бойынша кейстер бар.

Іс-тәжірибе базалары

5В011000  – физика  мамандығы  бойынша

1. Облыстықүштілдеоқытатынмамандандырылғандарындыбалаларғаарналған №1 мектеп-интернаты;

2. №7 Қ.Сыпатаеватындағымектеп лицей;

3.Ө.Жәнібековатындағы №19 жалпы орта мектеп;

4. Т.Тажибаев  атындағы №47 мектеп гимназия;

5.А.Байтұрсыноватындағы №50   мектеп гимназия;

6.Ы.Алтынсарин  атындағы  №65   мектеп гимназия;

5В060400– физика  мамандығы  бойынша

5В060400 «Физика» мамандығының студенттері ғылыми-зерттеу жұмысын жасауға өндірістік іс-тәжірибені қазіргі заманғы қондырғылармен жабдықталған ИРЛИП зертханасының базасында және САПА орталығында өтеді.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.