Факультет туралы

Факультет деканы
Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы 

п.ғ.к., доцент
Мекен-жайы: А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз үй, 214 аудит.
Телефон: 8 (7252) 41-33-39 
E-mail: madnur69@mail.ru

Факультет деканының оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары
Ыдырысбаев Дархан Уалиханұлы

Информатика магистрі
Мекен-жайы: А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз үй, 216 аудитория
Телефон: 8 (7252) 41-33-39 
E-mail: dar_nuri@mail.ru

Факультет деканының ғылыми істер жөніндегі орынбасары
Кемельбекова Жанар Сатыбалдиевна
Техника ғылымдарының кандидаты
Мекен-жайы: А. Байтұрсыновкөшесінөмірсізүй, 323 аудитория
Телефон: 8 (7252) 41-33-39
E-mail: kemel_zhan@mail.ru

Факультет администраторы
Аманбаев Рахымжан Ауелханович

Мекен-жайы: А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз үй, 216 аудитория
Телефон: 8 (7252) 41-33-39 
E-mail:
Факультет аға тәлімгері
Сауытов Ерман Биболатович 

Мекен-жайы: А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз үй, 216 аудитория
Телефон: 8 (7252) 41-33-39
E-mail:

2015-2016 оқу жылында ағылшын тілінде білім беру топтарын оқыту туралы мәліметтер

Жалпы мәліметтер

Жалпы мәліметтер

«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамындағы педагог кадрлар мен жаратылыстану-ғылымдары бағытындағы мамандарды даярлайтын алдыңғы қатарлы Жоғары мектептердің бірі.

1996 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты, Шымкент педагогикалық мәдениет институты және М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының бірнеше педагогикалық мамандықтарының бірігуінің нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті ашылды. Осы жылы жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлар даярлайтын мамандықтар топтастырылып Жаратылыстану-педагогикалық факультеті құрылды.

1998 жылдың наурызында екі жоғарғы оқу орнын – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті мен Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін қайта құру және біріктіру жолымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылғаннан кейін де факультет «Жаратылыстану-педагогикалық» деп аталып, ғылыми-жаратылыстану мамандықтарымен толықтырылды.

2017-2018 оқу жылынан бастап Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің негізінде «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі құрылды.

Факультетті 1996-2000 жылдар аралығында п.ғ.к., доцент Пошаев Д.Қ. басқарды. Кейінгі жылдары п.ғ.к., доцент Камалов Ю.Н., т.ғ.к. Жармағанбетов Ф.К., п.ғ.д., доцент Әжібеков Қ.Ж., х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П., б.ғ.к., доцент Ережепов Ә.Е., ф.-м.ғ.к., доцент Оразов И., х.ғ.д., профессор Надиров К.С. факультет деканы болып қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап қазіргі таңда Жоғары мектепті п.ғ.к., доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы басқаруда.

Осы жылдарда Жоғары мектеп 5000-нан аса педагог кадрлар даярлап шығарды. Олардың ішінен қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен елге белгілі азаматтар шыққанын мақтанышпен айтуға болады.

Жоғары мектепте әр жылдары Қазақстанға белгілі ғалымдар Медеуов Е.Ө. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, Ташимов Л.Т. – Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ президенті, Өтелбаев Б.Т. – х.ғ.д., профессор, Р.Ойнаров – ф.-м.ғ.д., профессор, Жұмабеков Л. – профессор, Өмірбаев У.У. – алгебра және логика саласындағы ірі ғалым, ф.-м.ғ.д., профессор, Садыбеков М.А. – ф.-м.ғ.д., профессор, С.А.Атанбаев – ф.-м.ғ.д., профессор және т.с.с. еңбек етті.

Профессор-оқытушылар құрамы

Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық қызметпен 130 оқытушы айналысады, олардың ішінде: 10 ғылым докторлары, профессорлар, 48 ғылым кандидаттары, доценттер, 2 PhD-докторлар, 70 магистр, аға оқытушылар мен оқытушылар. Жоғары мектепте мамандар дайындауда және өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша: академик, п.ғ.д., профессор – Д.Рахымбек, п.ғ.д., профессор – С.А.Жолдасбекова, ф.-м.ғ.д., доцент – Е.А.Нысанов, ф.-м.ғ.д., доцент – Н.Қ.Аширбаев, п.ғ.д., доцент – А.Саипов, х.ғ.д., профессор – А.П.Ауешов, ф.-м.ғ.д., доцент – Тұрманбеков Т.А., х.ғ.д., доцент – А.Б.Өтелбаева, ф.-м.ғ.д., профессор – Ә.Сәрсенби, ф.-м.ғ.д., профессор – Ә.Ш.Шалданбаев сияқты ғалымдар еңбек етуде.

Жоғары мектептің ғылым докторлары мен профессорлары Д.Рахымбек, С.А.Жолдасбекова, Н.Қ.Аширбаев, А.Саипов, А.П.Ауешов, Ә.Сәрсенби, ғылым кандидаттары мен доценттері К.А.Қабылбеков, А.А.Юнусов, Р.Б.Бекмолдаева, М.Н.Ермаханов, Ю.Н.Камалов, И.Оразов, Г.М.Адырбекова, Н.К.Мадияров, Г.Ш.Омашова ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайтын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» конкурсының жеңімпаздары атанды.

Қазіргі таңда Жоғары мектепте 11 мамандық бойынша бакалавр және 10 мамандық бойынша магистр, 4 мамандық бойынша PhD докторантура мамандары даярланады.

Студенттік өмір 

Қазіргі күнде Жоғары мектепте 11 мамандық бойынша 1021 студент оқып білім алуда. Студенттерді ғылымға және шығармашылық жұмыстарға тарту мақсатында Жоғары мектепте 12 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды. Жоғары мектеп студенттері жыл сайын ҚР Жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін пәндік олимпиадалардан, ғылыми жобалардан жүлделі орындарға ие болады.                    

Біздің түлектер

Біздің түлектер мынадай жұмыс орындарында қызмет етуде: орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, колледждерде, мамандандырылған және зияткерлік мектептерде, білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда, өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындарда, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарында, конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмаларда, биохимиялық, гигиена-санитарлық зертханаларда, химия өнеркәсiбi мен зауыттарында.

Талапкерлерге

Біздің Жоғары мектеп келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындап шығарады: 

Мамандығы: 5В010900-Математика

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бұл мамандық иесінің қызмет  ету саласы:
- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;
- мамандандырылған және зияткерлік мектептер;
- білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдары.
Мамандығы: 5В060100-Математика
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Сурет керек
Бұл мамандық иесінің қызмет  ету саласы:
- ғылыми институттарда, университеттерде және математиканы терең жетілдіру мекемелерінде ғылыми қызметкер, оқытушы, мұғалім;
- өндірістік кәсіпорындарда, банктерде, қаржылық мекемелерде.
Мамандығы: 5В011000-Физика
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;
- мамандандырылған және зияткерлік мектептер;
- білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдары.
 
Мамандығы: 5В060400-Физика
Оқу мерзімі: 4 жыл
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
- эксперименттік, теориялық және қолданбалы физика саласы;
- ғылыми-зерттеу институттары, лабораториялар, конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмалар;
- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;
- өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындар.
 
Мамандығы: 5В011100-Информатика
Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
- орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде «Информатика және есептеу техникасы» пәнiнің мұғалімі;
- мамандандырылған және зияткерлік мектептер;
- білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдары.
Мамандығы: 5В060200-Информатика
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
- информатика және қолданбалы математика, ақпараттық технологиялар, Internet-технологиялар, аймақтық және дүниежүзілік ақпарат-тық жүйелер саласы;
- орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде «Информатика және есептеу техникасы» пәнiнің мұғалімі;
- ғылыми-зерттеу институттары, лабораториялар, конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмалар.
 
Мамандығы: 5В011200-Химия                
Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;
- биохимиялық, гигиена-санитарлық лабораториялар;
- химия өнеркәсiбi мен зауыттары.
 
Мамандығы: 5В060600-Химия                
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
- өндіріс кешенінің түрлі салалары;
- санитарлық қызмет саласы;
- ішкі істер орындары;
- кеден саласы;
- әділет министрлігінің сараптама органдары;
- экологиялық комитет;
- қоршаған ортаны қорғау мекемелері.
                                   
Мамандығы: 5В011300-Биология                
Оқу мерзiмi: 4 жыл
                                     
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
- әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.) биология пәнінің мұғалімі;
- ғылыми-зерттеу, кәсіптік бағытындағы пәндер бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау (ботаника, зоология, анатомия, физиология, биохимия, генетика, биотехнология және т.б.);
- биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте технологиялық ұйымдастыру іс-әрекеттері (санитарлық эпидемиялық станцияларда, өсімдік пен жануарлар өнімдерін өңдеу өнеркәсінде және т.с.с).
 
Мамандығы: 5В060700-Биология                
Оқу мерзiмi: 4 жыл
                                    
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
- жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының, санитарлық эпидемиологиялық станциялардың маманы, инженер, лаборант;
- орта мектептердегі, гимназиялардағы, колледждердегі биология пәнінің мұғалімі;
- ұлттық парктердің, қорықтардың, зоопарктердің, ботаникалық бақтардың, жас натуралистер станцияларының селекциялық, обаға қарсы станциялардың, табиғат музейлерінің маманы;
- әкімшілік жанындағы және басқада экологиялық мекемелердің маманы.
   
Мамандығы: 5В012000-Кәсiптік оқыту (бейін бойынша)
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Мамандандыру:
1. Тiгiн бұйымдарын конструкциялау және модельдеу.
2. Автокөліктерді пайдалану және жөндеу.
3. Еңбек технологиясы және кәсiпкерлiк.

Бiтiрушi түлектердiң қызмет саласы:

- тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу бойынша орта мектептерде, лицейлерде, колледждерде, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарында мұғалім;

- «Технология» пәнінен орта мектептерде және лицейлерде мұғалім;

- орта мектептерде, лицейлерде және мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарында «Авто ісі» пәнінен мұғалім.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.