Б.Жұмағұловтың «Качество образования для нас главней всего» атты Казахстанская правда газетіне берген сұхбаты талқыланды

2013 жылы 3 сәуір күні «Жаратылыстану-педагогикалық» факультетінде Білім беруді жаңғырту 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өткен екі жылғы қорытындысы бойынша Б.Жұмағұловтың «Качество образования для нас главней всего» атты Казахстанская правда  газетіне берген сұхбаты талқыланды.

Факультет жиналысына факультет деканы Н.Мадияров төрағалық етті. Жиналысты төраға ашып берген соң,  университеттің оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры К.Байболов 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы баяндады. Ол бағдарламаның жалпы табысты жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті:

«Алдағы екі жылда еліміздегі жоғары оқу орындарының жалпы саны азаяды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Казахстанская правда газетіне берген сұхбатында: «Қазір Қазақстанда 146 оқу орнын біріктіру барысынада 136 оқу орнына дейін қысқартылды. Осы процесс жалғасын табады»,-делінген.  Әрине мұндай процесс біріншіден, материалдық базаға, оқытушы-профессорлар құрамына, бітірушілердің еңбекпен қамтылуына тікелей байланысты екендігі баршаңызға мәлім. Соған сәйкес жұмыс берушінің, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс формасында кадрларды дайындау барысында бағалау фактісі қажет.

Министрдің ойынша, бұл дамыған елдердегі нақты көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, жоғары оқу орын­дары­­ның жаңа классификациясы қа­былданыпты. Осының негізінде жоғары оқу орындарының желісі оңтайлануда.

Техникалық және кәсіптік білімді басқару жүйесі то­лық өзгерді. Орта білім саласында 12 жылдық оқытуға кө­шу­ге дайындық жұмыстары аяқ­талып келеді. Педагогтардың біліктілігін арттырудың түбегейлі жаңа жүйесі жасалды. Білім сапасын бақылаудың ұлттық жүйесі құрылды. Электронды оқыту енгізіле бастады»,- деді проректор.

Өз кезегінде, факультет деканы Н. Мадияров Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың сұхбатынан бағдарламаның екі жылғы қорытындысы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін, оның жаңа жүйесі мен тиімділігіне тұрақты түрде қоғамдық баға берудің маңыздылығын көрсеткеніне тоқталды.

П.ғ.д., профессор Д.Рахымбек академиялық ұтқырлық бойынша шетелден келіп жатқан ғалымдардың ғылыми жаңалықтарын кеңінен пайданатын мүмкіндіктер жасау керектігін; мектеп математика мұғалімдерін дайындауда геометрияның орны ерекше екендігін, бірақ ол пәнді оқу жоспарынан алынып тасталғанының дұрыс еместігін баяндады.

Жиналыс соңында, әрбір кафедрада осы мақала жөнінде оқытушы-профессорлар құрамының арасында талқылау тапсырылды.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.