Биология

    

Кафедра меңгерушісі
Исаев Ержан Болысбекович

Биология  ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: Шымкент қ.: 160013, А. Байтұрсынов көш.
Телефоны: 8-7252-30-09-28  

Жалпы мәлімет

 Кафедра тарихы
        Кафедра алғашында 1991 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында «Биология» факультетінің құрамында ашылды.

         1996 жылы республика ЖОО-ның қайта ұйымдастырылып құрылуына байланысты кафедра биологи факультеті құрамында жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің құрамына еніп, «Биология және география » кафедрасы деп аталды.

      1998 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ОҚО екі ірі университеті: Техникалық университет және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылып «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы  Жаратылыстану-педагогикалық факультеттің құрамында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың құрылымына енді. 2017 жылдың тамыз айында факультеттің «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық »Жоғарғы мектебі құрамына «Биология» кафедрасы болып енді.

        Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып б.ғ.к., доцент М.Сұлтанов тағайындалды.Әр жылдары кафедраны басқарғандар: 1994-1996 ж.ж. профессор А.Ахметниязов, 1997-1998 ж.ж. б.ғ.к., доцент А.Исмайлов, 1998-2011 ж.ж. б.ғ.к., доцент Е.Б.Исаев, 2011-2012жж. п.ғ.к. Г.Қ.Тұрабаева, 2012-2017 ж.ж доцент Г.Б.Қылышбаева, 2017 жылдан б.ғ.к., доцент Е.Б.Исаев кафедра меңгерушісі.

Қазіргі таңда «Биология» кафедрасы күндізгі, кешкі және қашықтықтан оқыту түрі бойынша келесі мамандықтар бойынша бакалавр мамандықтарын дайындайды:

    5В011300 – «Биология»

Біліктілігі: биология бакалавры

Оқу мерзімі: 4жыл     

Кәсіби қызмет түрлері:

– білім беру (педагогикалық) әр түрлі білдім беру мекемелерінде (мектеп,лицей, гимназия, колледж) биология пәнінің мұғалімі;

-ғылыми – зерттеу, кәсіптік бағытындағы пәндер бойынша әр түрлі мекемелерде ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындай алу (ботаника, зоология, анатомия, физиология,биохимия, генетика, биотехнология);

– жобалау: жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастыру (көгалдандыру, суландыру, кайта қалпына келтіру, жоспарлау, мысалы агробиостанцияларды, жас натуралистер станцияларын);

– өнеркәсіптік – басқару іс – әрекеттері әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда ( білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, биологиялық және химиялық бағыттағы зертханалар);

– биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте технологиялық ұйымдастыру іс – әрекетінде (санитарлық – эпидемиялық станцияларда, өсімдік пен жануарлар өнімдерін өндеу өнеркәсібінде).

Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:

– мектеп, лицей, гимназия, колледждерде (биология мұғалімі);

– жоғарғы оқу орындарында (лаборант, салалы кафедраларда);

– білім бөлімдерінде (маман);

– ғылыми зерттеу институты және лабараторияларда (маман, лаборант);

– жануар және өсімдік тектес шикізаттарды өңдейтін өндірістік лабараторияларда, экологиялық салалардағы ұйымдар (маман, лаборант);

– санитарлы-эпидемиологиялық станцияларда (лаборант)

– биологиялық орталықтарда, агробиостанцияларда (әдіскер, үйірме жұмысын басқарушы);

– көгалдандыру бойынша жобалық ұйымдарда (маман).

 5В060700 – «Биология»

   Біліктілігі – жаратылыстану бакалавры

   Оқу мерзімі – 4 жыл

   Кәсіби қызмет түрлері:

      Мамандықтың қәсіби қызмет ету саласы биология ғылымдары саласы (ботаника, зоология, адам анатомиясы және физиологиясы, биохимия, биофизика, микробиология және т.б.) әртүрлі дәрежеде ұйымдасқан биологиялық жүйелер, биологиялық табиғат қорғау технологиялары.

      Кәсіби қызметтінің объектілері: ғылыми-зерттеу институттары, орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, жас натуралистер станциялары, колледждер, ұлттық парктер, қорықтар және ҚР зандарына сәйкес жоғары қәсіби білімділікті қажет ететін басқада салалар, экологиялық ұйымдар, биотехнология салалары, мемлекеттік басқарушы мекемелер және әкімші-ліктер.

 6М060700 – «Биология» мамандығы бойынша магистрлер дайындайды.

        Мамандар дайындауда кафедрада 28  жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді.   Оның 2- ғылым докторы, профессор, 11 – ғылым кандидат, доценттері мен 14 магистр қызмет атқаруда.

        Оқу процесіне жаңа оқыту технологиялары енгізілуде, мультимедиямен қамтамасыз ету жақсартылды. ТСО, ЭВМ белсенді түрде қолданылуда, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мен модульді-рейтинг жүйелерінің қызмет көрсетуі  жақсартылды СӨЖ, өндірістік іс-тәжірибе, мемлекеттік емтихандар, бітірушілерді жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды, ҒЗЖ мен СҒЗЖ, сыртқы бөлім студенттермен бірге оқу жұмысының  сапасын  бақылау, ОПҚ біліктілігін жоғарлату, тәрбие жұмыстары, кәсіби бағдар беру, халықаралық қатынастарды ұйымдастыру  қойылатын талаптарға сәйкес   келеді.

        Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында  2011 жылдан бері ағылшын топтары ашылып, сабақты ағылшын тілінде оқылып келеді.

        Қазіргі уақытта Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа  Жолдауындағы: “Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыру мақсатында  2016 жылдан бастап   үш тілде мемлектетік, орыс және ағылшын тілінде оқытылып жатыр.

      «Биология» кафедрасының студенттерінің оқу-тәжірибе және ғылыми зерттеу нысаны есебінде «Өсімдіктерді ғылыми-зерттеу зертханасы» 2012 жылдан бері  жылыжайы және «Ботаникалық бақ»  ашылған

                               

Ғылыми-зерттеу жұмыстар
        «Биология» кафедрасының профессор-оқытушылары мемлекеттік бюджет бойынша жоспарланған 2 бағыт бойынша іргелі ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
        Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары екі мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша орындалады:
 1. Батыс Тянь – Шань  тау  жүйесінің  ботаникалық  алуантүрлілігі қорғау және тиімді пайдалану мәселелері».  Жетекшісі: б.ғ.к.,доцент Исаев Е.Б.

2. Биология пәндердін  оқытудың  теориялық  және  қолданбалы  мәселелері.

Жетекшісі: б.ғ.к.,доцентБозшатаева Г.Т.

     Кафедра биология ғылымының әртүрлі салалары бойынша ғылым-зерттеу мекемелері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сырдарья-Түркістан мемлекеттік өлкелік табиғи паркі, Шымкент мемлекеттік Дендро және Зоосаябағы, облыстық білім департаменті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы ҚазақҰПУ, ҚРБҒМ «Ботаника және фитоинтродукция» ғылыми-зерттеу институттарымен оқу-ғылыми іс-тәжірибе кешендері түзіліп, келісім-шартқа отырып студенттер мен магистранттардың оқу-ғылыми жұмыстары атқарылуда.

                              

Халықаралық байланыстар

        Кафедра әйгілі оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, алдыңғы қатардағы ғалымдар және сала мамандарымен творчествалық байланыста:  Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемелекеттік университеті, К.А.Тимирязев атындағы Рессей ауылшаруашылық академиясы, Волгоград мемлекеттік педагогикалық университеті, Өзбекстан Республикасының «Ботаника» ғылыми-зерттеу орталықтарымен студенттер,

 магистрлер мен профессор-оқытушылар құрамы жұмыс жүргізуде.
        «Биология» мамандығы бойынша кафедра базасында Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінен келген студенттер білім алуда және Шотландия, Германия елдерінен магистрант және студенттер іс-тәжірибе алмасуда.

Біздің жетістіктеріміз

        Биология  кафедрасының соңғы оқу жылында  ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері  бойынша 2-оқу-әдістемелік құралдары, халықаралық ғылыми практикалық  конференциялардың материалдарында- 38,  инфак фактор-5 басылымдарда жарық көрді.

    Кафедра магистранттары «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы (Астана каласы) ұйымдастырған VII Республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысына қатысты. Сайыс нәтижесінде «Үздік мақала» номинациясы бойынша I жүлделі орынға магистранттар Асанова М., Сыдықова Ж., Телемисова А. «Социальные основы формирования здорового образа жизни студентов» атты жұмысы үшін, Қасымбекова А., Қыдыралиева М. «Биология пәнінен инновациялық технология құралдарын кіріктіру» атты жұмысы үшін III жүлделі орынға ие болып, дипломдармен марапатталды. Магистранттардың ғылыми жетекшісі, профессор Калкабаева С.А. магистранттары «жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін» дипломмен марапатталды.

                                 

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.