АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

      Академиялық  ұтқырлық аясында «Кәсіптік оқыту»  кафедрасы бойынша 2020-2021 оқу жылында Шет елдік білім беру тәжірибесімен алмасу мақсатында  Түркия мемлекеті, Анталия қаласындағы «Ак Дениз» университетінің  PhD докторы Омер Займоглы  7M01450 Кәсіптік оқыту МЕП   20-5нк тобының    магистранттарына (30 сағат)  «Графика және жобалау» пәнінен дәріс және практикалық  сабақтарын «онлайн» режимде тікелей байланыста сабақ өтті.  Сабақтар PhD докторы Омер Займоглы  мен кафедрамыздың педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ахмет Лаура Сматтуллақызы және  тәжірибе жинақтау, эксперимент жүргізу мақсатында докторант Битемирова Шолпан Абутобақызымен   бинарлық, ынталандыру, ойын оқыту әдісінде т.б өтті. Онда ОмерЗаймоглы өзінің тәжірибесімен бөлісіп магистранттарға  көптеген ақпарат көздерімен бөлісті. Атап айтсақ, компьютерлік бағдарламаларда түрлі жобалау, графикалық жұмыстардың жаңа тәсілін көрсетті. 

    Бұл біздің мамандықтың білім алушыларына үлкен мотивациялық серпін берді, практикалық жұмыстарды жылдам, сапалы, орындау тәсілін көрсету нәтижесінде магистранттар "ADOBE  Photoshop","Auto CAD",  "Corol Drav", "Грация", "Леко", "АССОЛЬ", Lectra, Gerber. бағдарламаларында түрлі жобалық жұмыстарды орындауға үйренді. Жобалық жұмыстарды рәсімдеу, қорғау нәтижесі бойынша бағаланып отырды.  Оқытушының кері байланыс орнатуы және өлшемдік бағалау  бойынша бағалану  әдісі,   білім алушы магистранттарға жақсы әсер қалдырды. Олар өз ойларын ашық білдірін коментарилер қалдырды.

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.