Басты бет

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің жеке сайты ашылғанын сіздерге қуанышпен хабарлаймыз!

Жаратылыстану-педагогикалық факультеті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамындағы педагог кадрларды даярлайтын алдыңғы қатарлы факультеттердің бірі. А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы №7 оқу ғимаратында орналасқан біздің факультетте 700-дей студенттер білім алуда. Студенттер контингенті Қазақстан Республикасы аумағынан бөлек алыс және жақын шетелдерді қамтиды. Олардың сапалы білім алып бәсекеге қабілетті мамандар болып шығуы үшін Факультетте ғылыми-педагогикалық қызметпен 84 профессор-оқытушылар мен 22 оқу-көмекші персоналдар айналысады, олардың ішінде: 11 ғылым докторлары, профессорлар, 33 ғылым кандидаттары, доценттер, 28 магистрлер, 12 аға оқытушылар мен оқытушылар. Факультетте педагогика саласында мамандар дайындауда және өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша елімізге танымал Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, п.ғ.д., профессор Д.Рахымбек, п.ғ.д., профессор С.А.Жолдасбекова, ф.-м.ғ.д., доцент Е.А.Нысанов, ф.-м.ғ.д., доцент Н.Қ.Аширбаев, п.ғ.д., доцент А.Саипов, х.ғ.д., профессор А.П.Ауешов, ф.-м.ғ.д., доцент Тұрманбеков Т.А., х.ғ.д., доцент А.Б.Өтелбаева және т.б. еңбек етуде.

Факультеттің ғылым докторлары мен профессорлары Д.Рахымбек, С.А.Жолдасбекова, Н.Қ.Аширбаев, ғылым кандидаттары мен доценттері К.А.Қабылбеков, А.А.Юнусов, Ю.Н.Камалов, М.Н.Ермаханов, Р.Б.Бекмолдаева, И.Оразов, Г.Адырбекова  ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайтын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» конкурсының жеңімпаздары.

Қазіргі таңда факультетте 7 мамандық бойынша бакалавр және магистр, 3 мамандық бойынша PhD докторантура мамандары даярланады. Келешекте орта мектептер мен зияткерлік мектептерде көптілде білім беретін заманауи педагогтарды даярлау мақсатында факультетіміздің 5В010900-математика, 5В011000-физика, 5В011100-информатика, 5В011200-химия мамандықтарында ағылшын арнайы топтары ашылған.

Факультет мамандықтарының ҚР ЖОО-ның тәуелсіз рейтингі бойынша көрсеткіштері

Мамандық шифры

мен атауы

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

1

5В010900-Математика

2

1

1

2

5В011000-Физика

5

1

1

3

5В011100-Информатика

2

2

1

4

5В011200-Химия

5

1

5

5

5В012000-Кәсіптік оқыту

1

3

2

6

5В060200-Информатика

5

3

3

7

5В060400-Физика

4

3

2

 

Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары мен алыс-жақын шетел оқу орындарында білім алмасу қарастырылған.

Ғылыми-зерттеу үйірмелері, көңілді тапқырлар клубтары, студенттік көркемөнерпаздар және спорттық үйірмелері студенттердің сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді.

Студенттерге әлеуметтік жағдай барынша жасалған. Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы, ресурсты орталық, тегін интернет, акт залы, спорт залы, дәрігерлік кабинет, асхана, соңғы үлгіде салынған 5 қабатты заманауи жатақхана, міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды.

Факультет студенттеріне білім беру үшін университетке жыл сайын алыс-жақын шетелдер жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылып тұрады.

Студенттеріміз көптеген халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Бітірушілеріміз түгелге жуық білім беру және әлеуметтік салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Таланттары,  білімдері мен елге танылып, басшылық қызмет атқарып жүргендері де қаншама.

Құрметті достар, талапкерлер! Факультет өмірі және мамандықтарымен жете танысу үшін осы ашылған сайт ойларыңыздан шығар деп айлаймыз. Өз пікірлеріңізді, айтар ойларыңызды, көкейде жүрген сұрақтарыңызды бүкпесіз, ашық түрде сайтқа ұсынуларыңызды сұраймыз. Біз өз тарапымыздан ашық, барынша толық мағынада жауап беруге тырысамыз. Біздің парақшамызға қош келдіңіздер деген ізгі ниетпен:

 

«Жаратылыстану-педагогикалық» факультетінің деканы,

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.