Басты бет

«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтар мен ғылыми кадрларды даярлайтын алдыңғы қатарлы құрылымдық бөлімі болып табылады. А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы №7 оқу ғимаратында орналасқан біздің Жоғары мектепте 1051 студент, 205 магистрант және 24 докторант  білім алуда. Студенттер контингенті Қазақстан Республикасы аумағынан бөлек алыс және жақын шетелдерді қамтиды. Олардың сапалы білім алып бәсекеге қабілетті мамандар болып шығуы үшін Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық қызметпен 112 профессор-оқытушылар мен 24 оқу-көмекші персоналдар айналысады, олардың ішінде: 12 ғылым докторлары, профессорлар, 42 ғылым кандидаттары, доценттер, 4 PhD-докторлар, 54 магистр, аға оқытушылар мен оқытушылар. Жоғары мектепте педагогика саласында мамандар дайындауда және өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша елімізге танымал Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, п.ғ.д., профессор Д.Рахымбек, п.ғ.д., профессор С.А.Жолдасбекова, ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Сәрсенби, ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Ш.Шалданбаев, ф.-м.ғ.д., доцент Е.А.Нысанов, ф.-м.ғ.д., профессор Н.Қ.Аширбаев, п.ғ.д., доцент А.Саипов, х.ғ.д., профессор А.П.Ауешов, ф.-м.ғ.д., доцент Тұрманбеков Т.А., х.ғ.д., доцент А.Б.Өтелбаева, м.ғ.д., профессор С.Қалқабаева және т.б. еңбек етуде.

Жоғары мектептің ғылым докторлары мен профессорлары Д.Рахымбек, С.А.Жолдасбекова, Н.Қ.Аширбаев, А.Саипов, А.П.Ауешов, ғылым кандидаттары мен доценттері К.А.Қабылбеков, А.А.Юнусов, Р.Б.Бекмолдаева, М.Н.Ермаханов, Ю.Н.Камалов, И.Оразов, Г.М.Адырбекова, Н.К.Мадияров, Г.Ш.Омашова, Н.Сайдуллаева, Л.Айкөзова, П.Дүйсебаева ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайтын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» конкурсының жеңімпаздары.

Қазіргі таңда Жоғары мектепте 13 мамандық бойынша бакалавр, 10 мамандық бойынша магистратура және 4 мамандық бойынша PhD докторантура мамандары даярланады. Келешекте орта мектептер мен зияткерлік мектептерде көптілде білім беретін заманауи педагогтарды даярлау мақсатында Жоғары мектептің 5В010900-Математика, 5В011000-Физика, 5В011100-Информатика, 5В011200-Химия, 5В011300-Биология мамандықтарында ағылшын арнайы топтары ашылған.

Жоғары мектеп мамандықтарының ҚР ЖОО-ның тәуелсіз рейтингі бойынша көрсеткіштері

 

Мамандық шифры мен атауы

 

 

2016ж.      

 

2017ж.       

 

2018ж.        

1

5В010900-Математика

1

3

3

2

5В011000-Физика

1

1

1

3

5В011100-Информатика

1

2

2

4

5В011200-Химия

5

2

1

5

5В011300-Биология

-

3

1

6

5В012000-Кәсіптік оқыту

2

2

1

7

5В060100-Математика

3

4

4

8

5В060200-Информатика

3

3

6

9

5В060400-Физика

2

3

3

10

5В060600-Химия

2

3

4

11

5В060700-Биология

3

3

3

 

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) өткізген ұлттық рейтингте Қазақстан Республикасы ЖОО-лары профессор-оқытушылар құрамының бас рейтінгісіне (ТОП-50) енген «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебі, «Математика» кафедрасының профессорлары Оразов Исабек – 43 орын, Аширбаев Нұрғали Құдиярұлы – 46 орын.

Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары мен алыс-жақын шетел оқу орындарында білім алмасу қарастырылған.

Ғылыми-зерттеу үйірмелері, көңілді тапқырлар клубтары, студенттік көркемөнерпаздар және спорттық үйірмелері студенттердің сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді.

Студенттерге әлеуметтік жағдай барынша жасалған. Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы, ресурсты орталық, тегін интернет, акт залы, спорт залы, дәрігерлік кабинет, асхана, соңғы үлгіде салынған 5 қабатты заманауи жатақхана, міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды.

Жоғары мектеп студенттеріне білім беру үшін университетке жыл сайын алыс-жақын шетелдер жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылып тұрады.

Студенттеріміз көптеген халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Бітірушілеріміз түгелге жуық білім беру және әлеуметтік салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Таланттары,  білімдері мен елге танылып, басшылық қызмет атқарып жүргендері де қаншама.

Құрметті достар, талапкерлер! Жоғары мектеп өмірі және мамандықтарымен жете танысу үшін осы ашылған сайт ойларыңыздан шығар деп ойлаймыз. Өз пікірлеріңізді, айтар ойларыңызды, көкейде жүрген сұрақтарыңызды бүкпесіз, ашық түрде сайтқа ұсынуларыңызды сұраймыз. Біз өз тарапымыздан ашық, барынша толық мағынада жауап беруге тырысамыз. Біздің парақшамызға қош келдіңіздер деген ізгі ниетпен:

  

«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы

Zircon - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.